Астанада "Бәйтерек" монументі мен Бейбітшілік және келісім сарайы жабылды. Бұл туралы Астана мәслихатының отырысында айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Astana Venue Management ЖШС бас директоры Мәлік Хасеновтың айтуынша, нысандарға уақытша жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр."Маңызды халықаралық іс-шараларға дайындық мақсатында нысандар қалыпты жағдайда ұсталып, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта 25 сәуірден бастап "Бейбітшілік және келісім сарайы" мен "Бәйтерек" монументінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) саммитіне дайындық жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Президент әкімшілігінің тізімі бойынша бұл нысандарға саммит делегациясының мүшелері келуге тиіс, сондықтан біз 1 маусымға дейін барлық жөндеу жұмысын аяқтауымыз керек", - деді Хасенов. Астанада 3-4 шілдеде Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді деп жоспарланып отыр.