Астанада боччадан ашық республикалық турнир өтті

Астанада боччадан ашық республикалық турнир өтті. Сайысқа еліміздің 10 облысынан 70 спортшы қатысты. Турнир осы спорт түрінен алғашқы жаттықтырушы болған Сұлтанбек Орынбасаровты еске алуға арналды.Сұлтанбек Орынбасаров елімізде бочча спортының негізін қалаушылардың бірі еді. Жеткен жетістігі де жетерлік. Ол небәрі 23 жасында өмірден озды. Жас болса да спорттың осы түрін елде дамытуға өлшеусіз үлес қосты. Еске алу турнирі екінші рет ұйымдастырылып отыр. Шарипа ҚҰРМАНБАЕВА, С.ОРЫНБАСАРОВТЫҢ ТУЫСЫ:Өмірден ерте кетіп қалғаны өте өкінішті. Біраз нәрселер жасайтын еді осы күнге дейін. Жатқан жері жайлы болсын бауырымның. Басқалар осы Сұлтанбектің ары қарай бастаған ісің жалғастырсың. Жарысқа қатысушылар балалар мен ересектер. Оған тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар қатысады. Игнат Галагин небәрі 17 жаста. Айтуынша спортшының алғашқы жарысы екен. Игнат ГАЛАГИН - ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:Жақсы маған ұнайды. Спортпен жақында бастадым шұғылданып. Үйреніп жүрмін. Қазір бәрі керемет. Бәрі күшті. Турнирге жиналғандар марқұмды еске алып, жалт еткен саналы ғұмырын саралады. Ұйымдастырушылардың айтуынша басты мақсаты – елдегі ең үздік спортшыларды анықтап, салауатты өмір салтын насихаттау. Нұргүл ҰЛЖЕКОВА - ҚАЗАҚСТАН БОЧЧА ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ:Орынбасаров Сұлтанбек осы бочча спорт түрін 2017 жылы Қазақстан үшін ашқан болатын. Ол жәй дене шынықтыру мұғалім болатын. Одан кейін ол осындай ерекше балаларды бочча спорт түріне тартып, {енді қазіргі кезде бочча спорт түрімен қанша ма адам} 20 қаладан аса Қазақстан осы бочча спорт түрімен айналысып жатыр. Айта кетейік, жарыс 3 күнге созылады. Қатысушылар арнайы алғыс хат, медальдармен марапатталады. Турнирдің өтуіне Астана қалалық әкімдігі қолдау білдірді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Елімізде 9 автокөлік өткізу пункті жаңғыртылып жатыр
85 жасқа қараған шағында қазақтың ұлы жазушысы өмірден озды
"Күзетшілер мен қызметкерлер көмектескен": Қызылордадағы мұнай ұрлығы
Энергетикалық сусынды көп тұтынған қазақ жігітінің аяқ-қолы ісіп кеткен
Елімізде -27°C-қа дейін күн суытады
Лос-Анджелесте өрт қоюшы күдікті ұсталды
ПАТОЛОГИЯСЫ БАР БАЛАЛАРҒА БІЛІКТІ КӨМЕК
Доллар бағамы тағы көтерілді
Тарихи алтын: Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан жеңімпаз атанды
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау – маңызы зор мамандық
Алматыда есептеу құралдары жоқ тұрғындарға суды тұтыну нормалары өзгерді
Енді елімізде дәрі QR-код арқылы беріледі
Президент Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады
Алматыда полиция есірткіге қарсы әлеуметтік жарнаманы шығарды
Криштиану Роналду 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысты жауап берді
Криштиану Роналду: Еурода ойнағым келеді
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері өзгерді
Калифорниядағы Болашақ стипендиаттары қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырылды
Президент әлемге белгілі кәсіпкер және жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фуды қабылдады
Комментарийдің жазасы
Тоқаев Мағауиннің отбасына көңіл айтты
180 млн-нан 1,5 млрд теңгеге дейінгі шығындар: Қазақстанның ең тиімсіз мемлекеттік компаниялары
Қазақстанда биыл жинақтаушы зейнетақы өседі