Астанада бір мезетте 5 мың студент сенбілікке шықты

Астанада 5 мың студент бір уақытта сенбілікке шықты. «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты экологиялық акция аясында Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ұжымы мен студенттері қаладағы үш аумақты қоқыстан тазартты. Студенттер елорданың экологиялық дамуына өз үлестерін қосты. Сондай-ақ жастар тазалық акциясы аясында Астана қаласының жоғарғы оқу орындары арасындағы экочелленджді қолдап, оны Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне жолдады.Эльдар ӘМІРХАН, С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:Мемлекет басшысының үндеуіне сәйкес, «Таза Қазақстан» экологиялық республикалық акциясы аясында Ұлы Жеңістің 79 жылдығы мерейтойы қарсаңында Жеңіс даңғылына тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Осы игі шараға мемлекетіміздің барлық жалынды жастарын шақырамыз. Тазалық акциясына студенттермен бірге оқу орнының 800 оқытушысы мен қызметкері қатысты. Сенбілікке шыққандар оқу ғимаратының ауласын, Сәкен Сейфуллин атындағы мұражайды тазартты. Сондай-ақ Әлия Молдағұлованың ескерткішін жуды. {СНХ}Қанат ТІРЕУОВ, С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:Биылғы жылы Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай біздің университетімізде 50-ден астам іс-шара жоспарланған болатын. Соның бірі осы бүгінгі таза экологиялық акциямыз. Балаларымыз тек қана көшені тазалау емес, онымен бірге ағаш та отырғызу, осы Астана қаламызды тазартуға үлестерін қосып отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«39 шарик жұтып қойған». Көкшетауда дәрігерлер төрт жасар баланы аман алып қалды
Бүгін Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Метапневмовирус: сақтық шаралары мен алдын алу жолдары
Азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20% - ға өседі
2024 жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілген оқушы орны рекордтық көрсеткішке жетті
Алматыда Рождество мерекесіне арналған діни рәсімдер қашан өтеді?
Өткен жылы елімізде төлқұжат рекордтық көлемде шығарылыпты
Алматыда 2025 жылы тағы 100 мектеп автобусы сатып алынады
Дархан Сатыбалды ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
2025 жылы мектепке дейінгі біліммен қамту 95%-ға жетеді
Қазақстандық құтқарушылар марапатталды
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Бүгін теңгенің долларға шаққандағы бағамы қанша?
Елімізде доллар мен еуроның бағамы өзгерді
«39 шарик жұтып қойған». Көкшетауда дәрігерлер төрт жасар баланы аман алып қалды
Желіде Астананың астындағы жерасты туннелі туралы ақпарат тарады
Білім беру саласында миллиардтаған теңге жымқырылған: 40-тан аса шенеунік сот алдында жауап береді
Мақтаарал ауданының Білім бөлімінің қызметкерлері 2,4 млрд теңге жымқырған
ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді
Әзербайжан қазақстандық құтқарушыларды «Ынтымақтастық үшін» төс белгісімен марапаттады
Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі қызметінен босатылды