Астанада бөтеннің бренд сөмкесін ұрлаған Қырғызстан азаматшасы анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz.Полицияға елорда тұрғыны хабарласып, ойын алаңынан белгісіз біреу оның 200 мың теңге тұратын брендті сөмкесін ұрлап әкеткенін айтып арызданған."Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында "Сарыарқа" ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 66 жастағы Қырғызстан республикасының азаматшасын анықтады.Тергеу барысында, әйелдің оң жақ жағалауда орналасқан саябақтағы ойын алаңына келгені белгілі болды.