Астанада бірнеше көше жаз соңына дейін жабылады

Астана қаласында жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көше жаз соңына дейін жабылады. Осыған байланысты кей қоғамдық көліктің жол жүру бағыты өзгеріп, шектеулер қойылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы Telegram арнасында."Астана қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сіздерді Достық көшесінен бастап, Сығанақ көшесіне дейінгі учаскедегі Түркістан көшесіндегі жол төсемесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы хабарлаймыз. Осыған байланысты ағымдағы 26-31 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабық болады", - деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы.Сонымен қатар Астана қаласы әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы елорда тұрғындары мен қонақтарына өз маршрутын алдын ала жоспарлауды ұсынды."Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан құрамасы алғашқы төрттікте тұр
Жеті қалада ауа сапасы нашарлайды
Жауынгердің шеберлігі атыс алаңында шыңдалады
Қазақстанда пара беруді ұсынғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Алматы көру және есту қабілеті бұзылған адамдар үшін кедергісіз кітапханалар жасауда
Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 автономды кітапхана орнатылды
Биылдан бастап ваучерлік қаржыландыру жүйесі ел аумағында кезең-кезеңімен енгізіле бастайды
Алматыда жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі тексерілді
Адам өміріне ара түскен дәрігерлер
Алматыда бос жатқан аумақта мұз айдыны бар жаңа сквер ашылды
Алматыда шоқындыру рәсімі күні суға түсуге арналған 10 орын белгіленді
Алматыда Ішкі істер министрі Тәлімгерлер кеңесімен кездесті
Өткен жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 1,1 млн астам қызмет алды
2025 жылы елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған
Былтыр еліміз тұрғын үй құрылысы саласында рекордты көрсеткішке қол жеткізді
Қазақстан футболына 200 млрд теңге бөлінген
Қазақстан 6 жылда шетелдік легионерлерге қанша ақша жұмсады
“Астана“ футбол клубы мен “Барыс“ хоккей командасы легионерлерге қанша қаражат жұмсады?
Ақтөбедегі сұмдық: Кепілде болған әйел ата-анасының көз жұмғанын білмейді
Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 дербес кітапхана орнатылды
Баға қайда кетіп барасың деп жыламсырайтын жағдайға жеттік - Ерлан Саиров
Депутат: Қылмыс болса, камерадан жазбаны таппай қаламыз, ал айыппұл салған кезде табыла қалады
Президент жасанды интеллект саласындағы сарапшылармен кездесті
Алматылық 75 жетекші мен әдіскер мектепке дейінгі білім берудің халықаралық тәжірибесін меңгерді