Астанада бұрынғы сүйіктісін алып қашқан жас жігіт ұсталды

Елордада азамат экс-сүйіктісін алып қашпақ болған. Алайда ауа райы оның бұл әрекетіне тосқауыл болды.ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, «102» пультіне 20 жастағы қызды еркінен тыс Daewoo Nexia автокөлігіне отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткені туралы хабарлама түскен. Қоңырау шалушының хабарлауынша, кешкі уақытта туысы екеуі жұмыстан қайтып келе жатқанда тұрғын үйдің ауласында оларға көлік жақындап келіп, ішінен төрт жігіт түсіп, әпкесін күштеп көлікке отырғызып алып кеткен. Арызданушы таныған ұрлаушылардың бірі олардың ауылдасы болып шыққан. Бұрын олар қарым-қатынаста болған. Бірақ көп ұзамай олар айырылысып, аралары алыстап кеткендігі белгілі болды. Көлік пен ұрланған қызды іздеу үшін қалада «Ұстау» жоспары енгізілді. Бірден жедел ізіне түскен полицейлер күдіктілер тізгіндеген көлікті аңдып, тоқтатты. Белгілі болғандай, жігіттер оны Түркістан облысына апармақ болған. Бірақ ауа райының қолайсыздығынан қаладан шыға алмаған. Қазіргі уақытта адамды бас бостандығынан заңсыз айыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер атап өткендей, баптың санкциясы үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Щучинскте монша өртеніп кетті
Алматыда жүк көлігінде от шығып, жолда салют атылды
Сырым Исабаев өнерден не себепті алыстап кеткенін айтты
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Доллардың бүгінгі бағамы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Онлайнда әйелдер ерлерден көп уақытын өткізеді
Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген күдікті 12-ақ жылға сотталды
Михаил Кавелашвили Грузия президенті болып сайланды
Астанада әлі тумаған егіздерге ота жасалды
Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал тақырыбында халықаралық конференция өтті
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Оңтүстік Корея президентіне импичмент жарияланды
Бір ғана үміткер қатысты: Грузияда президент сайлауы өтті деп жарияланды
Атырауда алғаш рет “Есірткіге жол жоқ“ жастар форумы өтті
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елордада егіз балаға жүкті әйелге жатырішілік операция жасалды