Астанада екі ер ұры көліктен тоғыз миллион теңге ұрлап кетті.Полицейлерге ер адам хабарласып, көлігінен ақша ұрланғанын айтқан. Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер көліктен ақша ұрлаған екі ер адамды анықтады. "Жәбірленуші кешкі уақытта ақша айырбастау пунктіне барып, тоғыз миллион теңге көлемінде ақша айырбастап, сөмкесіне салып қойған. Оның бұл әрекетін қаскөйлер бақылап отырған. Ер адам ақша айырбастау пунктіне кеткен кезде ұрлықлышардың бірі оның көлігінің дөгелегін тесіп кеткен. Жәбірленуші ештеңеден күдіктенбей, көлігіне отырып, жолға шыққан. 100 метрдей жүрген соң дөңгелегі жарылғанын байқады. Жәбірленуші көлікті тоқтатып, есігін жаппастан сыртқа шығып кетеді. Осы сәтті пайдаланған екі ер адам көлікке жүгіріп барып, ақша салынған әмиянды алып кетеді. Жүргізуші ақшасының қолды болғанын көліктің дөңгелегін жасап біткен соң бір-ақ аңғарған", – деді полиция.Қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар кінәсін мойындады, қазір осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.