Астанада екі күнде бір айлық мөлшердегі жаңбыр жауған

Астанада екі күн жауған жаңбыр жұртты әбден әбігерге салды. Көшелер суға толып, қозғалыс шектелді. Ал кейбір көпқабатты үйлердің төбесінен су кетіп, жоғары қабаттағылар пәтерлеріне кіре алмай қалған. Мамандардың айтуынша, екі тәулікте бір айлық мөлшердегі жаңбыр жауған көрінеді. Айдана ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:Шелекті толтырып жатып/ Пәтердің іші суға көлкіп тұр. Неше күннен бері жауған жаңбыр жұртты әбден әбігерге салған. Мынау шелектер тез толып қалып жатыр. Тұрғындар түнімен толған ыдыстарды босатумен болды. Ал судың бітетін түрі жоқ Байқоңыр ауданында бірнеше үй суда қалды. Жерасты және жаңбыр суы араласып үйлердің іші-сыртын бүлдірді.Үй ішіндегі ылғал иісі қолқаны қабады. Тұрғындар ауру табамыз ба деп қорқып отыр. Ал кейбірі тіпті шаңырағын тастап, пәтер жалдап кеткен.Олар былтыр да үйлерінің суға кеткенін айтады. Айнұр СҮЛЕЙМЕНОВА, ТҰРҒЫН:Су деңгейі кеше 5 см болса, бүгін 10 см-ге көтерілді. Жаңбыр жауы-шашынның әсерінен, жол құртылып жатыр. Мебель құрылып жатыр. Линолиумымыз бар құртылып жатқан, холодильник по любому, любой техникаға су тисе құртылады. Оның зарбадын кімнен талап етеміз, өзіміз де білмейміз. Аудан әкімдігінің айтуынша, үйлер тым төмен орналасқандықтан су басып жатқан көрінеді. Ержан ҚАСЫМБЕКОВ, БАЙҚОҢЫР АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ:Күндізгі, түнгі сменде осы Лесазаводқа 16 АС машинасы жұмыс жасап жатыр. Төрт мотопом қойып жатырмыз. Олар екі сменде жұмыс жасап жатыр. Яғни, заявкалар айкөмектен және тұрғындар тікелей маған келеді. Соларға біз енді откачка жасап жатырмыз. Қала орталықтарын да су басты. Салдарынан кейбір көшелерде бағдаршам істен шығып, кептеліс пайда болды. Тұран, Ұлы дала даңғылы уақытша жабылды. Мұнда ккоммуналдық қызмет жағдайды қалыпқа келтіріп жатыр. Нөсерлі кәріз коллекторлары толық қуатта жұмыс істеп тұр. АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ:Қазіргі уақытта Тұран даңғылында тағы бір магистральдық кәріз коллекторының құрылысы жүргізілуде. Оның ұзындығы – 8 км, бұл қолданыстағы коллектордың ұзындығынан үлкен. Магистральдық кәріз коллекторының толық аяқталуы осы жылдың күзіне жоспарланып отыр. Сондай-ақ коллектордың жұмысы жеке құрылыс салушылар мен бірқатар үйдің заңсыз әрекетіне байланысты шамадан тыс салмақ түседі, оның ішінде тұрмыстық заттар, құрылыс материалдары және тағы басқасы кәрізге тасталады. Биылғы жылдың маусым айының соңында нөсер жүйесін түсіретін кәріз коллекторының 1-ші кезегін іске қосу жоспарлануда. Қазіргі уақытта қосымша сорғыларды орнату және іске қосу жұмыстары жүріп жатыр. Нәтижесінде сол жағалаудағы басқа коллекторлардың жұмысы жеңілдейді дейді жауаптылар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Президент Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысын жеделдетуді тапсырды
Ұлыбритания Қазақстанның киіз үй глэмпингі тәжірибесін қолданбақ
Қоғам игілігі үшін еңбек еткен белсенді жастар «Рухтастар» сыйлығымен марапатталды
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты: қылмыстық іс қозғалды
Атырауда сүт әкелуге кеткен оқушы табылмай жатыр
Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді
Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді
«Өліп кетуі мүмкін еді»: Дәрігер биіктен құлаған мұғалімнің қандай жарақат алғанын айтты
2024 жылы өңірлер спортқа ₸123 млрд-тан астам жұмсады