Астанада еңбек қауіпсіздігі талабы сақталмаған нысандардағы құрылыс жұмысы тоқтатылды

Елордада еңбек қауіпсіздігіне немқұрайды қараған 4 құрылыс объектісіндегі құрылыс-монтаждау жұмыстары тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Бүгінгі таңда елордада 299 алаңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте жекелеген құрылыс компаниялары қауіпсіздік техникасы саласында олқылықтарға жол береді. Құрылыстағы өндірістік жарақаттанудың негізгі себебі - объектілерде жұмыс өндірісінің жоғары қарқыны және еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасына қаражаттың жеткіліксіз бөлінуі болып табылады. Талдау көрсеткендей, еңбекті қорғау жөніндегі қызметкерлерді даярлауды ұйымдастыру мен жүргізудегі кемшіліктер мыналар болып табылады: уақытша қорғаныс қоршауларының, ұстағыштардың болмауы, төбе плиталардың шетіне құрылыс материалдарын жинау, қызметкерлерді жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етпеу» - деді Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Ысмағұлов коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде. Спикер еңбек қауіпсіздігіне қатысты осындай кемшіліктер ауыр зардаптарға әкеп соғатынын атап өтті. «Бүгінгі күні еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау техникасын бұзғаны үшін мемлекеттік еңбек инспекторлары материалдарды сотқа бере отырып, 4 құрылыс объектісінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтатты. Профилактика шеңберінде еңбек инспекторлары кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді», - деп мәлім етті Ерлан Ысмағұлов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды