Астанада ер адам мұз астына түсіп кеткен бозбаланы құтқарып қалды

Елордада ер адам мұз астына түсіп кеткен бозбаланы құтқарып қалды. Осы орайда ТЖМ тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап. ТЖМ мәліметінше, оқиға 27 қарашада Астана қаласындағы Ақбұлақ өзенінде болған. 2006 жылы туған бозбала өзеннің рұқсат етілмеген жерінен өтіп бара жатып, қатпаған мұздың астына түсіп кеткен. Оны оқиға куәгері байқап, құтқарып қалған. Бозбала ауруханаға жатқызылған. Осы ретте ТЖМ су айдындардағы мұз адамның салмағын көтере алатындай әлі қатпағанын, бір жаяу жүргіншінің өтуі үшін қауіпсіз мұз қалыңдығы кемінде 10 см болуы тиіс екенін ескертті. Сондай-ақ ведомство өкілдері балаларға ерекше назар аударып, оларға қыста су айдындарының қауіпті болатынын түсіндіру керектігін атап өтті. ТЖМ мұздағы жүріс-тұрыс ережелерін де еске салды: Мұзға шықпас бұрын оның беріктігіне көз жеткізіңіз. Ешқашан мұздың беріктігін аяқтың соққыларымен тексермеңіз; Мұздың бетінде жарықтар пайда болғанда, су мұз бетіне шыққан жағдайда үрейленбеңіз, шапшаң қимыл-қозғалыс жасамаңыз, дереу аяғыңызды алшақ басып, жағаға шығыңыз немесе еңбектеңіз; Тұман, қар кезінде сонымен қатар түнде мұз үстіне шықпаңыз; Жабдықталған өткелдерден басқа жерде көлік құралдарымен мұз үстіне шығуға тыйым салынады. Оқыс оқиға болған жағдайда дереу "112" телефоны бойынша көмекке жүгіну қажет. Министрлік мәліметінше, өткен күзгі-қысқы кезеңде еліміздің су айдындарында көлікпен мұз үстіне шыққан 12 адам мұз астына түсіп кетіп, оның үшеуі қайтыс болған. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Реал" — екінші, "Ливерпуль" — төртінші: УЕФА Еуропадағы үздік клубты атады
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
Екі облыста жол жабылды
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
Шайды қай уақытта ішкенде зияны болмайды
Қазақстанда менталды денсаулыққа қаншалықты көңіл бөлінеді
Шорт-трекшілер Сеулдегі World Tour сериясында бесінші орын алды
16 желтоқсанда елдің 12 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Шымкентте "Таза Қазақстан" акциясы аясында 300 тоннадан астам қоқыс шығарылды
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Қазақстанның "Үздік акушері" анықталды
Талғарда жаңа әкімді сайлау науқаны өтіп жатыр
Сарапшы Шавкат Рахмоновтың жалғыз қателігін атады