Астанада ерекше жандардың мүмкіндіктерін қолдау орталығы ашылды. Кеңседе барлық санаттағы мүмкіндігі шектеулі жандарға сурет салу, вокал, шаштараз, тігін, массаж үйірмелері бар. Сондай-ақ, психолог пен заңгерлерден тегін кеңес ала алады. Ашылу салтанатында спорттық сайыс ұйымдастырылып жеңімпаздар алғыс хат, медальмен марапатталды. Салтанатты шара КӨРІСУ мерекесіне орай ұйымдастырылған. Мақсат – мүмкіндігі шектеулі ерекше жандармен тең орта құрып, қоғаммен арласуына, оқшауланбай, тәуелсіз болуына, инклюзиялық орта құрып, арман мақсаттарының орындалуына мүмкіндік беру. Жүзбай СЕРІКҰЛЫ, "KOZIMNIN QARASI" ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: мастер класс жүргізетін біздің шебер адамдар бар. Мысалы біздің тігіннен мастер класс өткізетін, массажисті оқыған білімді адамдар. Бірақ саны шексіз қанша адам келемін десе де. Біз көмектесе береміз оқытуға, үйретуге мүмкіндік жасаймыз. Гүлмира ЖЕТПІСПАЕВА, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:Жарыс керемет жақсы өтті. Тренер қолдап бізді үйретіп жатқаннан кейін кішкене ерекше. Осындай үлкен ғимарат залға келіп ойнап тренировкаларымызды үзбей