Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Есіл өзенінде ер адамды құтқарды.ТЖМ мәліметінше, елордалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері sup boardпен жүзіп жүріп, суға құлап кеткен 2005 жылы туған ер адамға көмекке келді.«Ол судан шығарылып, қайықпен жағаға жеткізілді.19 жастағы жігітке медициналық көмек қажет болмады, жағдайы тұрақты. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан судағы тәртіп ережелерін сақтауды сұраймыз», - делінген ТЖМ хабарламасында.