Елордалық балғындар үздік спортшылармен кездесті. Әлем және Азия чемпиондары жас буынмен тілдесіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Балалар бірінен соң бірі өнерлерін көрсетіп, үлгі алатын тұлғаларының ақыл-кеңесін тыңдады. Бұл жиын Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті.Әлидің бокспен шұғылданып жүргеніне үш жыл болды. 16 жастағы жасөспірім қазір колледжде білім алады. Болашақта чемпион болуды армандайтын жеткіншек жеңіске жету үшін тынбай тер төгемін – дейді. Әли СӘБДЕН, СТУДЕНТ: Бізге бірінші рет емес, неше рет келді уже. Көп спортсмендер келді. Хабиб келді, қазақ спортшылары, ММА көп келді. Балаларға мотивация береді, кешкентай жасөспірімдерге. Қазір «ProFit» аула клубында 150-ге жуық бала тәрбиеленеді. Олар бокс, грэпплинг, қазақша күрес, каратэ, дзюдо, ММА секцияларына қатысады. Орталықтың мақсаты - өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға тәрбилеу, - дейді мамандар. Аяулым НҰРДӘУЛЕТ, «АСТАНА ЖАСТАРЫ» ЖРО АУЛА КЛУБТАРЫН ДАМЫТУ МАМАНЫ: Балаларға үміт беру, белсенділік, олардың спортқа деген дағдыларын үлкейту. Мысалы, «ProFit» аула клубынан көптеген балалар Қазақстан федерациясына спортшы болып баруда. Жүлделерін ұтып алған болатын. Болашақ чемпиондармен кездесуге келген спортшылар орталықтың жұмысымен танысты. Елімізде спортпен айналысамын дегендерге мүмкіндік мол екенін айтып, балаларға сәттілік тіледі. Солардың бірі - Нұрсұлтан Дүйсенқұлов . Ол өткен жылғы Азия чемпионатында джиу-джитсу спорт түрінен жеңімпаз атанған. Нұрсұлтан ДҮЙСЕНҚҰЛОВ, ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ: Жас спортшылармен өте көп кездесемін. Күн сайын. Өзім де бапкер болып жұмыс істеймін. Олардан қағып алатын приемдар, әдістерді тез үйренеді. Басқа адамдар қызық болып тұрады кішкентай балаларға. Ең басты принцип – тәрбие, дисциплина. Чемпиондар балаларға спорттағы ерекше әдіс-тәсілдерді үйретті. Кездесу соңында үздік көрсеткішге қол жеткізген балдырғандарға қала әкімдігі атынан сыйлықтар табысталды.