Астанада жеке сот орындаушылары 87 балаға төленген алиментті жымқырған

Астана қаласының прокуратурасы қызметтен шеттетілген жеке сот орындаушыларының қаражаттарды жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлайды Астана телеарнасы  Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембайдың мәліметінше екі жеке сот орындаушысы, қызметтері тоқтатылғанына қарамастан, алты ай бойы 87 балаға алимент төлеуге арналған ақшалай қаражатты иемденген. «Мысалы, жеке сот орындаушысы 2-топтағы мүгедек әкенің әлеуметтік жәрдемақы есебінен балалар үйіндегі екі баласына аударған алимент төлемдерін жымқырған. Тағы бір жеке сот орындаушысы қайтыс болған алимент төлеушінің банктік шоттынан ақшаны шешіп алып, оны өзінің қалауымен жұмсаған. Жалпы олар 5 млн теңге қаражатты жымқырған», - деп атап өтті ведомство өкілі. Бүгінге дейін, прокурорлардың араласуынан кейін 34 балаға залал өтелді, қалғандары бойынша жұмыс жалғасуда. Алаяқтық және өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Маркус Тюрамға бірнеше команда қызығушылық білдірді 
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Қарағандыда 12 жастағы өгей қызын зорлаған ер адам 20 жылға сотталды
Доллардың бүгінгі бағамы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Қазақстан полициясы күшейтілген жұмыс режиміне ауысты
Әуежай мен вокзалдарда заң бұзған 1200-ден астам жауапқа тартылды
Таиландта жәрмеңкеде жарылыс болды: төрт адам қаза тапты
Әскери жүк тасымалдауға арналған арнайы вагон таныстырылды
Астана-Бурабай бағытындағы туристік пойызы 574 жолаушыға арналған
Әлем чемпионы атанған Нұрқожа Қайпановқа министрлік медаль берді
Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа қоныс
Антикор басшысы Ирактың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілімен кездесті
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Астанада екі жасар сәби петерде қамалып қалған
Қазақстанда полицейлер күшейтілген режимге ауыстырылды