Көптен бері көпшілік көкейінде жүрген бұл сауалға «City Transportation Systems» ЖШС көліктік бақылау департаменті директорының орынбасары Райымбек Қайролла жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.Департамент өкілі тілшінің «Бас шаһарда әсіресе кімдер төлем жасаудан көбірек жалтарады? Осы мәселеге орай қалада жолақысы қымбаттауы мүмкін бе?» деген сұраққа Райымбек Қайролла жауап берді. «Сұраққа нақты жауап бермес бұрын мынаны айта кетейін, тексеріс барысында жолақысын төлемеген қарттар мен балалар және аяғы ауыр әйелдер автобустан шығарылмайды. Байқағанымыздай, тұрғындар тегін қатынауға қатысты әлі де ережені түсінбейді. Мұндай санаттағы адамдар егер олардың қолында жеңілдетілген карта болған жағдайда ғана тегін жүре алады. Егер картасы болмаса онда өзге жолаушылар арқылы онлайн төлем жасау керек. Біздің қалада төлем жасамайтындар ішінде мектеп оқушылары көп. Ата-аналар балам 18 жасқа дейін тегін жүреді деп картаға аса қатты назар аудармайды. Сол себепті тексеріс кезінде оқушылардың көбінде жеңілдетілген карта болмай жатады. Ата-аналар осыған жауапкершілікпен қараса дейміз. Сонымен қатар әзірге қалалық коғамдық көліктерде жолақасын көтеруге қатысты ешқандай болжам жоқ»,- деді ол.