Астанада жолаушылар жауапқа тартылды

Астана әуежайында балағат сөздер айтып, полицейлердің заңды талабына бағынбаған жолаушылар жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне FlyArystan әуекомпаниясының өкілі "Астана – Алматы" бағытындағы әуерейсінің жолаушыларының біріне қатысты шара қолдану туралы шағымданды. Оның айтуынша, рейске тіркеу кезінде ер адам өзін дөрекі ұстаған және балағат сөздер айтқан. Көлік полицейлері тексеру кезінде Алматы қаласының 36 жастағы тұрғынын анықтады. Ол полиция бөліміне жеткізу кезінде тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбаған.Құқықбұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық), 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу), 667-бабы (Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) бойынша бірден үш әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Ұсақ бұзақылық пен бағынбау бойынша материал шешім қабылдау үшін Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.Осы әуекомпанияның "Астана - Қызылорда" бағытындағы тағы бір жолаушысы әкімшілік құқықбұзушылық жасады. Бұл жолы елорданың 40 жастағы тұрғыны масаң күйінде болып, тіркеуге кешігіп келген, әуекомпания қызметкерлеріне балағат сөздер айтқан және полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамаған. Бұл адамға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы, 440-бабы, 667-бабы бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Барыс» хоккейшілері 2025 жылды жеңіліспен бастады
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды