Астанада жүкті әйелді құтқарғаны үшін марапатталған полицейдің не үшін ұсталғаны белгілі болды

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы Полиция департаментінің жол-патрульдік қызметі ротасының командиріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, рота командирі азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдағаны үшін прокуратура жанындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бұрынғы қызметкері "Ж" арқылы сот жүйесінің қызметкерлеріне ірі мөлшерде пара бермек болды деп күдікке ілінген. "Ж" прокуратурада әкімшілік лауазымды атқара отырып, жедел қызметкер болмаған. Қылмыс жасау кезінде жұмыссыз болған. "8 маусымда тергеу сотының санкциясымен аталған адамдар қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деп жазды ведомстводан. Бұған дейін Астана сотының ІІМ басшысы марапаттаған елордалық полицей Алмаз Құлтановты тұтқындағанын жазған едік. Айта кетейік, 2021 жылы 3 қыркүйекте елордалық полицейлер өз-өзіне қол жұмсағысы келіп, өзенге секірген жүкті әйелді құтқарып қалған еді. Полицей Алмаз Құлтанов Қабанбай батыр даңғылында қызметте болған кезінде сағат 12.20 шамасында "Рамстор" СҮ ауданы маңындағы Есіл өзенінің көпірінен секірген әйелді көрген. Құлтанов ойланбастан оның артынан секірген. Ал кейін ІІМ басшысы жүкті әйелді суицид жасаудан құтқарған полицейлерді марапаттады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда "Тұран таулары" халықаралық симпозиум-пленэр көрмесі ашылды
Астанада үш адам лифтіде тұрып қалды
Әнуарбек «Мотиватор» мен Мұхит Амантаев көз арбасты (ВИДЕО)
Желіде Тоқаевтың Қытайға тәжірибе алмасуға барған кезінен сурет жарияланды
Абайлаңыз айыппұл! Жаяу жүргіншіге жол бермеудің салдары қандай?
Қазақ күресінен Астанада өткен турнирдің жеңімпаздары анықталды
Қазақстан армиясы Орталық Азиядағы көшбасшы позициясын сақтап қалды
Қазақстан құрамасы саблямен семсерлесуден тунисте өтетін гран-при кезеңіне қатысады
Биыл Жетісу облысында 88 денсаулық сақтау нысанын іске қосу жоспарланған
Техникалық колледжіндегі жымқыру дерегі бойынша
Танымал блогер педофилиямен айыпталды: балалар омбудсмені мәлімдеме жасады
Колумбиядағы ұшақ апатынан ешкім тірі қалмаған
Гвардейск гарнизонында тактикалық даярлық сабақтары өтті
Әнші Төреғали Төреәлінің бала күнгі видеосы жарияланды
Министр Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер туралы айтты
Қазақстандықтар тіс емдетуге 56,3 млрд теңге жұмсаған
Президент Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Қазақстан әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді
Алматыдан 77 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді
Алматыға жақын жерде жер сілкінісі болды
Динара Зәкиева 10 жасар қыздарға хат жазған блогерге қатысты мәлімдеме жасады
Алматыға жақын маңда жер сілкінісі болды
Қазақстан әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді
Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді