Астанада Журналистер саябағы ашылды

Елордадағы Егемен Қазақстан көшесінде Журналистер саябағы ашылды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.Бүгін қазақ журналистикасы үшін тарихи сәт болды деуге болады. Елордадағы Егемен Қазақстан көшесінде Журналистер саябағы ашылды. Арнайы саябақтың ашылуы - елімізде журналистерге көрсетілген құрметтің бір көрінісі деп бағалауға болады. Осыдан дәл екі жыл бұрын дәл осы маңда Мемлекет басшысының қатысуымен Алаш қайраткерлерінің ескерткіші ашылғаны белгілі. Сол қаламгерлер аллеясына ұласып жатқан журналистер саябағы ұлттық руханияттың сабақтастығын көрсетеді, - деді министр.Журналистер саябағындағы сәнді стеллада Қазақ ұлттық баспасөзінің бағдары болған Ахмет Байтұрсынұлы мен тәуелсіз қазақ басылымдарының баhадүрі Шерағаңның бейнесі қатар орналасуы да ұлылардың ұлы жолының жалғастығын білдірсе керек.Сондықтан елдегі белгілі басылымдар мен ақпарат құралдарының аты қашап жазылған бұл ескерткішті отандық журналистиканың жылнамасы деп бағалауға болады. Таяуда ғана Президенттің қамқорлығымен 2 ақпан Ұлттық баспасөз күні болып белгіленді. Бұл да қазақ баспасөзіне көрсетіліп отырған үлкен қолдау деп білеміз. Жалпы елорданың өркендеуіне журналистер көп еңбек сіңіріп жатыр. Астанадан Алатаудан Арқаға ауғанда көштің басында Шерағаң жүрген еді, - деді Дархан Қыдырәлі. Сонлықтан бұл игі іс-шара Астананың туған күніне, 25 жылдық мерейтойына арналған үлкен тарту.Айта кеткен жөн, Егеменнің алдындағы қараусыз жатқан жерді сәнді саябаққа айналдыру идеясы осыдан төрт жыл бұрын, бас басылымның ғасырлық белесінде келген еді. Соның сәті бүгін түсіпті. Егемендіктермен бірге барша әріптестерімді құттықтаймын. Болашақта бұл сәнді саябақ барша журналистердің басын қосатын, шығармашылықтарына шабыт беретін, игі іс-шаралар өтетін алаңға айналады деп сенемін. Осы іске қолдау көрсеткен қала әкімдігіне, Жеңіс Махмұдұлына алғыс айтамын, - деді ол.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Жігіт сасқалақтап қалды»: Нюшаға қазақша ән шырқатқан Қайрат Нұртасқа халық риза болды (ВИДЕО)
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Алматының коммуналдық қызметтері қардың түсуіне байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеуде
Бүгін – Тәуелсіздік күні
Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қазақстан болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді – Тоқаев
Қоғам қайраткерлері қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Синоптиктер 19 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
Кімдерге ет жеген дұрыс? Дәрігер жауап берді
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанда Тәуелсіздік есімді қанша адам бар?
16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Жолда қалған 15 жолаушы құтқарылды
Қыста көлікте кондиционерді не үшін қосу керек екенін білесіз бе?
«Мен қазақпын»: Астанада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Түркістанда полиция 200-ден астам жүк көлігіне көмектесті
Адам қанша литр шай ішкеннен кейін өліп кетуі мүмкін?
ТЖМ қызметкерлері Қарағандыда өрт кезінде 6 адамды құтқарды
Алматының коммуналдық қызметтері қардың түсуіне байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеуде
Жас спортшылар патриоттық челлендж ұйымдастырды
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Еліміздің "Үздік акушері" анықталды