Астанада жүзден астам шетелдік автокөлік иесі наразылық білдірді

Астанада жүзден астам шетелдік автокөлік иесі бүгін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, шағымданды. Даудың басы сол баяғы оң жақ тізгінді және конструктор көліктерді заңдастыру ережелеріне байланысты. Олар темір тұлпарларын не себепті тіркеуге келмейтінін білгісі келеді.Данил КУРОПЯТНИКОВ, АВТОКӨЛІК ИЕСІ: Біздің талабымыз - конструктор немесе ауада тұрған көліктерді заңдастырудың қалай жүзеге асатынына жауап алу. Біз қай тәртіппен жалпы қашан заңдастыраны жайлы нақты білгіміз келеді. Не кеден бойынша келмейді, не ол басқа елде есепте тұр. Тәртібі бойынша үш түрлі кезеңнен өтіп, төртіншіге келгенде өтпей қалып жатыр. Он бес минут күтудің де қажеті жоқ, бәрін толығымен толтырып жүктейсіз, жеке кабинетіңізге кірсеңіз қабылданбады деп тұрады. Тіпті қарастыруға да келмейді. Автокөлік иелерінің шағымдары бойынша заңдастырудың басты мәселесі - көлікті шетелдік есептен шығару. Бәрінің басқа елге бару мүмкіндігі бола бермейтіні анық. Сол себепті жүргізушілер мұны қашықтан жасауға мүмкіндік беруін сұрайды. Ал жауаптылар мұндай мүмкіндік жоқ деп отыр. Десе де, оң жақ рульді көліктер мен конструкторлар мәселесін шешуге уәде берді. Елжан ЧУПЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Үкімет мәселені шешу үшін барынша шаралар қабылдауда. Әр елмен сұрақ екі жақты шешілуі тиіс. Яғни, біздің ұсыныстарымыз бір жерде қабылданса, бір жерде қабылданбай қалуы мүмкін. Алайда бұл үкіметтің мәселесі. Конструктор көліктеріне қатысты заңнаманы өзгерту үшін бір жарым ай қажет. Бұл ұзаққа созылмайды, тек бәрімен келісім жасалу керек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Еліміздің үздік спортшылары марапатталды
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
Черчесов ағынан жарылды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды
25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
“57 млн жымқырған“. Әйелінің туыстарын алдаған астаналық сотталды
Маңғыстауда төрт «Жайлы мектеп» пайдалануға дайын
Колледждер үшін қазақ тілінде 100 оқу құралы жазылады