Астанада жыл басынан бері 100-ден астам велосипед ұрланған. Жалпы соммасы 3 миллион теңгені құрайды. Мамандар ұрлықты азайту үшін велосипедтерді тіркеуге алмақ. Бұл жүйе қалай жүзеге асады? Сүндет Оралбеков сұрап көрді.Сүндет ОРАЛБЕКОВ, ТІЛШІ: Астана секілді ірі мегополистерде жұмысқа көлікпен бару үшін кемінде жарты сағатыңды кептелісте тұрумен өткізесің. Сондықтан мен уақытымды тиімді өткізу үшін діттеген жеріме велосипедпен баруды жөн көрдім. Қазір, дүкенге кіріп шығайын. Велесипедім қайда? Осымен 2-ші велосипетімді ұрлатып алдым. Уақытыңды үнемдеп әрі салауатты өмір салтын ұстанайын десең осы ғой. Көзді ашып жұмғанша велосипедімді ұрлап кетті. Қазір велосипед ұрлығы өршіп тұр. Жыл басынан бері жалпы соммасы 3 миллионға жуықтайтын 106 «шайтан арба» ұрланған. 1 Велосипеттің орташа бағасы 70 мың теңге тұрады. Бағлан есімді бұл азаматтың 2 велосипеді қолды болыпты. Бағасы шамамен 200 мың теңге тұрады.БАҒЛАН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Көшеге қоямын. Мынадай кодымен қойсам да, құлпын сындырып, бұзып алып кетеді. Және бұл арзанда велосипед емес. Аулалар мен саябақтарда қараусыз және құлыптау механизмдерінсіз қалдырылған велосипеттерді ұрлау фактісі жалпы қылмыстың 40 процентін құрайды. Қалалық полиция депортаменті тұрғындардан міндетті түрде велосипедтерін құлыптап, қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Нұралы ТӘҢІРБЕРГЕН, АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ: Халықты велосипеттерін қорғаныс механизмдерімен жабдықтау және арнайы орындарда сақтау қажеттілігі туралы үнемі хабардар етуге қарамастан, велосипед ұрлықтарының саны өткен жылғы ағымдағы кезеңімен салыстырғанда екі есеге өсті. Велосипет ұрлығын азайту үшін қалалық полиция депортаменті тұрақты даму орталығымен бірлесіп, «шайтан арбаларды» тіркеуге алмақ. «SMART-ASTANA» және «E-KNOT» платформаларына қос дөңгелекті құралдың суреті мен ерекшеліктерін, иесінің жеке деректерін енгізсе болғаны. Бұл бағдарлама участкелік полицейлердің жұмысын жеңілдетеді дейді елорда тұрақты даму орталығының мүшесі. Виталий ПУСТОВОЙТЕНКО, «ЕЛОРДА ТҰРАҚТЫ ДАМУ ОРТАЛЫҒЫ» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Тұрғын өзінің велосипетін платформаға жүктесе, біраз уақыттан соң велосипедін ұрлап кетсе, осы бағдарлама арқылы полицейлерге бірден ақпарат беруге болады. Ұрының өзі осы платформаға тіркеліп, ұрланған велосипедті тіркеген күннің өзінде оны ұстау қиындық тудырмайды. Бұл платформа әзірге пилоттық жоба ретінде іске қосылды. Бағдарламаға екі аптаның ішінде 40 адам тіркелген.