Астанада жыл басынан бері 134 өрт оқиғасы болған. Оның 4-уі сауда нысандарында. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жаудың алдын алу бойынша бүгін елордадағы сауда орталықтарында өртке қарсы тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті. Мақсат -адамдарға оқыс оқиға болғанда алғашқы көмек көрсету шараларын үйрету. Профилактикалық шара "Қауіпсіз сауда» акциясы аясында ұйымдастырылып отыр. Ажар РҮСТЕМОВА, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Өрттердің негізігі себебі бұл электр жүйенің дұрыс пайдаланбауы болып табылады. Бізде 200-ден астам ірі сауда обьектілері бар.Соның ішінде бүгінгі таңда бір аптаның ішінде 20 шақты сауда үйлерді профилактикалық жұмыспен қамтыдық.