Астанадағы "Лазурный берег" тұрғын үй кешеніндегі жылу мәселесі шешілді. Қыста пәтерлерін жылыта алмаған тұрғындар «AMANAT» партиясы қалалық филиалының қоғамдық қабылдауына барып, көмек сұраған еді. Аманаттықтар мәселені назарға алып, бақылауда ұстады. Нәтижесінде 6 жыл бойы қордаланып келген проблема - шешімін тапты. Бұл үйде 95 отбасы тұрады. Кендебай АДАМБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Басқа да проблемалары бар ол мына электр қуаты уақытша жолмен беріліп тұр. Оны да мынаны бітіргеннен кейін айналыса бастаймыз. Сондықтан бұл мәселені біз аудан әкімшілігі бар, қалалық "AMANAT" филалалы болып бірлесіп қарап, бір жетінің ішінде мына артында тұрған үйдің жеке меншік компаниямен келісіп, соларды құбырына қосылатын болып, соның жобасын істетіп, тамыз айының басында бастадық. Енді қазір жұмыс бітіп қалды.