Астанада Қалдаяқов көшесінде көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізіледі

LRT құрылысын жүргізу жоспарына сәйкес, магистральді жүріс бөлігіне іргелес учаскелерде Астана қаласының полиция департаментінің келісімі бойынша Ш.Қалдаяқов көшесі бойындағы жол қозғалысына өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ CTS-ке сілтеме жасап.26 сәуірден 16 шілдеге дейін М3 көпірінен Ж. Нәжімеденов көшесіне (И. Панфилов көшесі) дейінгі аралықта құрама темірбетон арқалықтарды монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін Ш.Қалдаяқов көшесіндегі қозғалыс ішінара шектетіледі және қозғалыс жолақтары қысқартылады. Бұл ретте мынаған тыйым салынады:- М3 көпірінен Тәуелсіздік даңғылына қарай тура жүруге;- М3 көпірінен Ж.Нәжімеденов көшесіне солға қарай бұрылуға;- И.Панфилов көшесінен М3 көпіріне солға қарай бұрылуға;- Ж.Нәжімеденов көшесінен Ш. Қалдаяқов көшесіне солға қарай бұрылуға.Рұқсат етіледі:- М3 көпірінен оң жақ съез арқылы И.Панфилов көшесіне бұрылуға;- И.Панфилов көшесінен Ш. Қалдаяқов көшесіне оң съез арқылы бұрылуға.26 сәуірден 18 мамырға дейін Ж. Нәжімеденов көшесінен (И. Панфилов көшесі) Тәуелсіздік даңғылына дейінгі аралықта құрама темірбетон арқалықтарды монтаждау жұмыстарын орындау үшін Қалдаяқов көшесіндегі қозғалысқа толық шектеу енгізіледі. Бұл ретте:- «Француз кварталы» ТК, «Италия кварталы» ТК, «Австриялық квартал» ТК, «Monaco Residense» ТК тұрғындары үшін жергілікті жол арқылы оңтүстік бағыт бойынша автокөлік қозғалысына рұқсат етіледі;- Ш.Қалдаяқов көшесінің негізгі жүріс бөлігіне жергілікті жолдан шығуға, сондай-ақ Ш. Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына солға және оңға бұрылуға тыйым салынады;- Тәуелсіздік даңғылынан М3 көпіріне қарай батыс бағытта көлік қозғалысы жолақтарды қысқарту жолымен жүзеге асырылады.Бұл ретте Ж. Нәжімеденов көшесі (И. Панфилов көшесі) және Тәуелсіздік даңғылы бойында өтпелі қозғалыс ашық болады.Елорда қонақтары мен тұрғындары жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жас ғалымдар әлемнің озық зертханаларында тәжірибе жинауда
Қазақстандық оқушылар халықаралық көрмеде беделді марапаттарға ие болды
Elorda Cup: 14 боксшымыз алтын медаль алды
"10 жыл үйде отырмады". Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Абдукаримованың ұзақ уақыт ел алдына шықпау себебін түсіндірді
Жас ғалымдар әлемнің озық зертханаларында тәжірибе жинауда
Нариман Курбанов – спорттық гимнастикадан Азия чемпионы, ал Карими – күміс жүлдегер
Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Нөсер жаңбыр, бұршақ: 19 мамырға арналған ауа райы болжамы
Қазақстандық оқушылар халықаралық көрмеде беделді марапаттарға ие болды
Тойларда Құран сүрелерін қосуға бола ма? – ҚМБД жауап берді
Ауыл шаруашылығы министрі Қарағанды облысының аграршыларымен кездесті
Elorda Cup: 14 боксшымыз алтын медаль алды
Қызылордада жұмысқа тұрғызамын деп алдаған алаяқ сотталды
ШҚО автожолдарында 30 интернет антеннасы орнатылады
Павлодарда кілтке бола әйелін ұрған ер адам қамауға алынды
Шымкентте шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 35 адам жазаланды
Пәкістандық студенттердің шекарадан елге өтпек болғаны жалған - ҰҚК
Сәтбаев қаласындағы ойын алаңдары балалар үшін қауіпті болып тұр
Ел азаматтарының мобильді аударымдары әзірге бақыланбайды – Қаржы министрлігі
Астанада қазақстандық әртістердің концерті өтпейтін болды
Нариман Кұрбанов спорттық гимнастикадан Азия чемпионы атанды, Карими – күміс жүлдегер
Өскемендегі ХҚКО неге қолданысқа берілмей тұр?
Пәкістан премьер-министрі Бішкекте болған оқиғаға алаңдаушылық білдірді
Қазақстан Вьетнам нарығын астық, ұн және етпен қамтамасыз етуді көздеп отыр