Астанада қандай салада мамандар жетіспейді, олардың жалақысы қанша?

Астана қаласының тұрғындары жұмыспен қалай қамылып жатыр, алатын жалақылары қандай екенін білу үшін Астана қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығына» сауал жолдаған болатынбыз, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.Астанада жұмыспен қамту мәселесі қалай шешіліп жатыр? Қандай салада мамандар жетіспейді, олардың орташа жалақысы қанша? Астанада жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындар жәрмеңкелері жоспарлы түрде өткізіліп тұрады. Қазіргі таңда Астана қаласы бойынша білім саласында бала-бақшаларға тәрбиешілер, мектептерге бастауыш сынып мұғалімдері, денсаулық саласында дәрігерлер, медбикелер мен санитарлар қажет. Құрылысшы, дәнекерлеуші, сантехник, автобус және газель көліктеріне Д, С категориялы жүргізушілер, электрик маманы, тәрбие көмекшісі, еден жуушы, көгалдандыру жөніндегі жұмысшы, аула сыпырушы, ас бөлме жұмысшысы, аспазшы, монтаждаушы, көлік жөндеу мамандары жоғары сұранысқа ие. Еңбек ақы төлемі 70 000 теңгеден 300 000 теңге аралығында. Астанада қандай салада мамандар жетіспейді, олардың жалақысы қанша? Елордада бос орындар жәрмеңкесі қаншалықты жиі ұйымдастырылып тұрады, нәтижесі қандай? Астана қаласы бойынша бос жұмыс орындар жәрмеңкелері жоспарлы түрде өтіп тұрады. 2023 жылға 6 жалпықалалық және 30 шағын бос жұмыс орындар жәрмеңкелері жоспарланған. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің негізгі мақсаты: жұмыс іздеп жүрген азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыру, жұмыс беруші мен жұмыссыздың кездесуіне жағдай жасау болып табылады. Шағын бос жұмыс орындар жәрмеңкелері жұмыссыз азаматтарға, оның жастарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтарды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды және алимент бойынша борышкерлерді жұмысқа орналастыруға арналады. Бүгінгі күнге 12 шағын бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. «Халықты жұмыспен қамту орталығы» жұмыссыздарды жұмыс орнында кәсіптік оқыту бойынша қабылдау жүргізіп отырады. Осының нәтижесі қандай? Оқытуды ұйымдастыру үшін жұмыс беруші ағымдағы қаржы жылындағы 1 қарашаға дейінгі мерзімде жұмыспен қамту орталығына алдағы қаржы жылына Қағидаларға сәйкес нысан бойынша өтінім береді. Жұмыс беруші жұмыссыздың жеке оқу бағдарламасын жасайды және білікті тәлімгерді бекітіп, жұмыс орнында оқытуды жүзеге асырады. Оқуды аяқтаған жұмыссыздарға жұмыс беруші кәсіби дағдыларды меңгергені туралы сертификат береді және жұмыс орнына жұмысқа орналасуды ұсынады. Оқу кезеңінде жұмыссызға жалақыны жұмыспен қамту орталығы төлейді. Жалақының бір айдағы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде 20 (жиырма) АЕК. Орындалатын жұмыстың көлеміне және күрделілігіне қарай жұмыс беруші өз қаражаты есебінен, қажет болған жағдайда, нақты орындалған жұмыс үшін жалақыға қосымша үстеме ақы белгілейді. Жоғарыда көрсетілген бағыт бойынша, яғни жұмыссыздарды жұмыс орнында кәсіптік оқыту, 2022-жылы 64 жұмыссыз адам жұмыс берушінің жұмыс орнында оқып, арнайы сертификаттарын алған соң, жұмысқа орналастырылды, бүгінгі күні әліде жалғастыруда. Айта кетсек, жұмыс берушілер ЖК «Ажарлы» (шаштараз), ЖШС «Bai-Tumar» (тәрибеші көмекшісі, аспаз ), ЖШС «Алтын Орда» (кондитер, аспаз ), ЖК «Hazifa» (тігінші), ЖШС «Zhanerke» оқытып, жұмысқа қабылдады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
«Дариға Назарбаеваны сағынып жүргендер бар». ҰҚК депутаттын сауалына берді
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады