Астанада қаңтар басталғалы 100-ден астам адам қызылша жұқтырған

Астанада қаңтар басталғалы 110 адам қызылша жұқтырғанБұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.«Елордада биыл қаңтардың 11 күнінде қызылшаның 289 бастапқы және 110 расталған жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында жағдай – 81. Елордада қызылша жұқтырғандар саны күн сайын 45-тен 30 жағдайға дейін төмендегенімен, жағдай әлі де күрделі болып қала береді», - деп айтты дәрігер. Оның айтуынша, науқастардың шамамен 79 пайызы – қызылшаға қарсы екпе алмаған азаматтар. Бұл – аурудың негізгі себебі. Науқастардың ішінде қызылшаға қарсы вакцинация алғандар тек 5 пайыз, ал вакцинация мәртебесі белгісіз науқастар – 16 пайыз. «Ауырғандар саны өсуінің басты себептерінің бірі - вакцинация деңгейінің жеткіліксіздігі. Әлемдік статистика көрсеткендей, COVID-19 пандемиясы кезінде қызылшаға қарсы вакцинация немесе ревакцинация алмаған халықтың саны артқан. Қызылша өте жұқпалы, яғни таралуы жылдам болатыны да рөл атқарып отыр. Қызылшаның таралуын болдырмас үшін топтық иммунитеттің жалпы көрсеткіші бүкіл халық арасында 85-90 пайыздан кем болмауы керек», - Сархат Бейсенова.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Еліміздегі доллар бағамы қандай
ШҚО-ның тағы төрт ауданы жаңа жұмыс кестесіне ауысты
Жамбасы сынған: Александр Винокуровтың ұлы жол апатына ұшырады
Алматының арулары дәстүрлі ерлер кәсіптерінде табысқа жетуге қалай жол ашады?
Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда жаңа Су кодексінің жобасын қабылдады
Гүл саудасы қызып тұр
Бүгін «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталады
AUYL SPORT: Ауыл спортының дамуына арналған маңызды әріптестік
Қазақстанда 30 мың ШОБ жобасына 1,7 трлн теңгеге қолдау көрсетіледі
Елордалық спортшылар Парижде өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Қазыбек Нөгербек Францияда өткен турнирде қола жүлде иеленді
Жалғызтал ауылы тұрғындары спиртті ішімдіктерден бас тартты
Берлин Ратушасына ту тіккен Кенжебай Мәденов туралы не білеміз?
Алматыда фристайлдан FIS Әлем Кубогының кезеңі қорытындыланды
Алматыда заңсыз көше саудасына қарсы жаппай тазарту жүргізілуде
Алматыда 2 мыңнан астам мопед тіркелді
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95 % - ға артады
Алматылық дәрігер ұшақта есінен танып қалған студенттің өмірін сақтап қалды
Алматыда «Ұлы дала ойыны» фотокөрмесі ашылды
Сирек кездесетін ауруларға шалдыққан балаларды қолдайтын кітап шықты
«Алдап, қарызға батырып жатыр». Депутат зейнеткерлердің несиесін кешіруді ұсынды
Алматыда «Үздік коммуналдық қызметкер» байқауы басталады
Ел азаматтары қосымша құн салығын қашаннан бастап төлейтіні белгілі болды
Ақылы жолдарда кімдер тегін жүре алады