Елордада «Капитан Qazaqstan» комиксінің тұсауы кесілді. Бірінші көрсетілім «AMANAT» партиясы Қоғамдық саясат институтының «Socio Expert Club» алаңында өтті. Комикстің басты кейіпкері Дінмұхаммед Қасымхан – түнде әділетсіздікпен күресіп, супер қаһарманға айналатын саясаткер. Иллюстрациялық кітаптың авторы – партия жанындағы Қоғамдық саясат институтының бас сарапшысы Ерлан Ахмеди. Бұл оның алғашқы туындысы емес. Бұған дейін «21 ғасыр шешені. 77 кеңес» кітабы мен «Власть. Серый кардинал» атты саяси романы жарық көрді.Ерлан АХМЕДИ, «КАПИТАН QAZAQSTAN» КОМИКСІНІҢ АВТОРЫ: Жалпы осы «Капитан Qazaqstan» деген кейіпкерді мен мектеп кезінде ойлап тапқам. «Капитан Америка» деген ойыншық сатып алып берген әке-шешем.Соған қарап «Капитан Qazaqstan» деп бір ақ қағазға қаламмен салған болатынмын. Оның ең басты артықшылығы – әділдікті сүйгіштігі, сонымен қатар интеллектуал тұлға. Осы отбасылық құндылықтар, тарихқа деген қызығушылық, отансүйгіштік, осы бағыттарға басым берген тұлға болу керек деген шешімге келдім.