Астанада "Ата-ана ұлағаты ұрпаққа аманат" атты мерекелік шара өтті. Кешке 1000-нан астам қазыналы қария, ардақты әке мен ақ жаулықты әжелер қатысты. Жүздеріне күлкі үйіріліп, бақытқа бөленген қарттар жайлы Дәрібек Бахытбек тарқатады. Қарттарым - асыл қазынам. Халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрін сіңіру арқылы үлкенді сыйлау, аталы сөзден ғибрат алуға ұмтылу -басты парыз. Ал, бұл мерекенің қарттар үшін орны ерекше. Мейрам ЖОЛТАЙҰЛЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ: Ол енді бір ғана осындай күн, мерекені атап өтуімен ғана шектелмеу керек. Әрқашан да қарттардың мәселесі назарда болу керек. Өйткені, осы қараусыз қалған, әлеуметтік тұрмысы нашар сондай қарттарды қашанда назарда ұстап, соларға өздерінің мүмкіндігінше көмектер беріп жатыр. Бұл -өте орынды. Елордалық қариялардың бастамасымен халықтық ардагерлер хоры құрылған. Жетекшісі -Үміт Дүйсенова. Оның айтуынша, әр мерекеде өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп жүр. Үміт ДҮЙСЕНОВА, "ЕЛОРДА" ХАЛЫҚТЫҚ АРДАГЕРЛЕР ХОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Бізді, қарттарды қамқорлық көрсетіп кешеден бері аяқ-қолымызды жерге тигізбей, бізді шақыратын жерлер көп болып жатыр. Сол шақырған жерлердің бәрінде біз ризашылдығымызды айтып, өзіміздің көңілімізді айтып жақсы әндерімізді айтып халықтың халық әндерін қазіргі компазиторлардың әндерін бір екі үш дауыспенен орындап өзіміздің қарттар күні жастар күнінде соны тойлап жатырмыз. Мерекелік шара барысында қазыналы қарттарға ерекше құрмет көрсетілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бағытта әлі де бірқатар бастамаларды қолға алу жоспарланып отыр. Айдана ҚАМЗАЕВА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫ АССАМБЛЕЯСЫ-ҮКІМЕТТІК ЕМЕС СЕКТОРМЕН ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Іс-шараның басты мақсаты - оларды қоғамға бейімдеп, жақсы көңіл-күй сыйлау. Бүгінгі күні қала бойынша 12 мыңнан астам ардагер бар. Олар үшін қала бойынша 5 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді. Онда бос уақыт өтпес үшін бар жағдай жасалған. Енді қарттарымызға құрмет көрсету біздің міндетіміз. Қазыналы қарттарды қадірлеп құрметтеу -әр ұрпақтың парызы мен міндеті.