Елордада қатты аяздан 22 адамды үсік шалған. Қытымыр қыстың қырқасы бет қаратпай тұр. Жолдар жабылып, оқушылар қашықтықтан білім алуда. Ал алдағы күндері ауа райы минус 35 грудусқа дейін төмендейді дейді мамандар. Астанаға көктем кеш келе ме? Тілшіміз Хашхынбай Жанбота тарқатады. Елімізде сарышұнақ аяз әлі басылмай тұр. Ауа райының қолайсыздығы тұрғындарға кедергі келтіруде. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Біз таңертеңгісін күніге такси шақырып балабақшаға барамыз. Жақын жерде орналасқан болса да, себебі ауа райы болғандықтан біз жаяу бара алмаймыз. - Бізде -25 градус аязды күтіп отырады,тек сол уақытта ғана балаларды сабақтан босатады. -24 градуста оларды мектепке жібереді. Біз өзіміз балаларды -30,-40градуста жібермейміз. - Табиғатқа өкпелеуге болмайды ғой, ертең жазда 40 градус ыстық келеді онда не дейміз, "Ана кісі құлап қалды деп айтамыз ба", Әркім өзі дайындалуы керек. Күн ыстық болса үйде болады, күн суық болса үйде болады,табиғаттың заңына өкпе болмау керек. Соңғы бір аптада 2500-ден астам адам медициналық көмекке жүгінген. Оның 1000-нан астамы көшеде мұзға құлап, жарақат алған. 22 адамды үсік шалған. Айжан АҚАЙ, ҚАЛАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: Барлық ауруханаға жатқызылған адамдардың жағдайы орташа және тұрақты болып саналады,өткен жылғы көрсеткішпен санағанда биылғы жылы яғни 2024жылы, жарақат пунктеріне жүгінген адамдардың саны 10%ға төмендеді. Синоптиктердің айтуынша, аяздық беті әлі қайтпайды. Ақпан аяқталғанша сақталады. Оңтүстік, орталық және шығыс облыстарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болып, жел күшейіп, боран соғады. Бақытжан ҚАНАТҰЛЫ, "ҚАЗГИДРОМЕТ" РМК СИНОПТИГІ: Одан бөлек оңтүстік циклонның әсерінен еліміздің бастысында,солтүстік батысында,оңтүстігінде және оңтүстік шығысында ,қар жауады, боран болады деп күтіледі, таулы аймақтарда қар қарқындылығы қатты болады. Көктемнің ауылы әлі алыс сияқты. Мамандар Наурыз айында да қар жауып, бұрқасын болады дейді. Көктайғақ пен тұман күтіледі.