Астанада Mega SilkWay сауда орталығы жанында қатты желдің екпінінен қоршау құлады. Салдарынан бір әйел №2 көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Астана қаласы Есіл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.Оқиға видеосы Astanovka98 telegram-арнасында жарияланған еді. Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі баннерді Mega SilkWay сауда орталығы орнатқанын хабарлады. «Қатты жел салдарынан баннер мен оның пластикалық жақтауы ұшып кеткен. Нәтижесінде 1954 жылы туған азамат жарақат алды, оның кеуде және шынтақ буындары көгерген. Тұрғын №2 қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта қоршауға ілінген баннерлер кесіліп, алынып тасталды, өйткені олар ісініп, қоршауды құлатқан», - деп хабарлады ведомство. Аудан әкімдігі астаналықтарды жарнамалық құрылымдарға, афишаларға жақын жерде абай болуға және мүмкіндігінше үйде болуға шақырды. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде қатты желден аударылған көліктер мен құлаған қасбеттердің фотосуреттері жариялануда. Айта кетейік, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.