23 наурызда Астанада өтетін Қазақстан – Словения матчынан кейін футбол жанкүйерлері үшін қосымша автобустар ұйымдастырылады. Бұл туралы ҚазАқпарат «City Transportation Systems» ЖШС-ға сілтеме жасап хабарлайды.№ 10, 12, 26, 28, 37, 40, 51, 53, 60, 3037 қоғамдық көліктері жанкүйерлерді ойыннан кейін аялдамаларда күтіп тұратын болады. Матчтың басталу уақыты – 21:00. Жол жүру құны – 90 теңге және оны көлік картасымен немесе QR-кодпен төлеу қажет. Сондай-ақ автобуспен тегін жүруге құқылы тұрғындар өзінің жеңілдігі бар картасын пайдалана алады.