Астанада Қазақстан әйелдерінің форумы өтті

Астанада мемлекеттік қызметкерлердің тең жартысы-әйел. Сондай-ақ қаладағы 90 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын қыз-келіншектер басқарады. Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның 25 жылдығына орай қала әкімдігінің ұйымдастыруымен елордада Қазақстан әйелдерінің форумы өтті.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық комиссияның 25 жылдығына орай форумға қатысушыларға құттықтау жолдады. "Комиссия гендерлік тендікті қамтамасыз ету, отбасы институтын нығайту және ана мен баланы қорғау ісінде ерекше рөл атқарып келеді. Бұл құрылым уәкілетті органдардың, азаматтық сектордың және бизнестің күш-жігерін тоғыстыратын тиімді мінберге айналды",- делінген Президенттің құттықтау сөзінде. Форумға қатысушылар отбасылық-демографиялық саясат, әйелдердің қазіргі қоғамдағы рөлі, отбасыларды әлеуметтік және экономикалық қолдау, балалар құқықтары және басқа да көптеген аспектілерге қатысты маңызды мәселелерді талқылады. Ләззат РАМАЗАНОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ ТӨРАЙЫМЫ:Еліміздің шалғай ауылдарына тұңғыш рет ұлттық комиссияның бастамасымен әлеуметтік медициналық пойыз «Саламатты Қазақстан» жол жүрді. Осы 8 айдың ішінде 16 мыңнан астам қарапайым ауылда тұратын шалғай станцияларда тұратын азаматтарға тек қана медициналық көмек емес, сонымен бірге психологиялық, медиациялық көмек көрсетілді. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссия былтыр 50 іс-шара өткізген. Қазір «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы жұмыс істейді. Былтыр орталық 800 қызмет көрсетті. Елордада әйелдерді кәсіпкерлікке тарту және жұмысқа орналастыру шаралары жалғасуда. Назгүл МАҒЖАН,  ҚАЛА ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:Комиссияның басты мақсаты – ол қоғамда болып жатқан өзекті мәселелердің басы-қасында болу, оларға өздерінің пікірлерін білдіру және қоғамның өзекті мәселелерін шешуге ықпалын тигізу деп білемін. Сондықтан мұндай кеңестік комиссиялар қажет деп білемін. Ұлттық комиссия алда атқарылар жұмыстарды нақтылады.Неке-отбасы институтын нығайту, адамгершілік құндылықтарды дамыту бойынша сарапшылық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіру жұмыстары жалғасады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда қор-қордың түтініне еліткен 100-ден астам адамға айыппұл салынды
«Көз жасын тыя алмады»: Ақтаудағы әуе апатында бір-бірінен көз жазып қалған ерлі-зайыпты табысты
Былтыр медицина саласының 1700-ге жуық қызметкері кәсіби дағдыларды игерді
Энергетикалық сусынды көп тұтынған қазақ жігітінің аяқ-қолы ісіп кеткен
Елімізде -27°C-қа дейін күн суытады
Лос-Анджелесте өрт қоюшы күдікті ұсталды
ПАТОЛОГИЯСЫ БАР БАЛАЛАРҒА БІЛІКТІ КӨМЕК
Доллар бағамы тағы көтерілді
Тарихи алтын: Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан жеңімпаз атанды
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау – маңызы зор мамандық
Алматыда есептеу құралдары жоқ тұрғындарға суды тұтыну нормалары өзгерді
Енді елімізде дәрі QR-код арқылы беріледі
Президент Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады
Алматыда полиция есірткіге қарсы әлеуметтік жарнаманы шығарды
Криштиану Роналду 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысты жауап берді
Криштиану Роналду: Еурода ойнағым келеді
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері өзгерді
Калифорниядағы Болашақ стипендиаттары қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырылды
Президент әлемге белгілі кәсіпкер және жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фуды қабылдады
Комментарийдің жазасы
Тоқаев Мағауиннің отбасына көңіл айтты
180 млн-нан 1,5 млрд теңгеге дейінгі шығындар: Қазақстанның ең тиімсіз мемлекеттік компаниялары
Қазақстанда биыл жинақтаушы зейнетақы өседі