«Қазақстан халқына» қоғамдық қорына бүгінге дейін 156,9 млрд теңге қаржы жиналған. Оның 49 млрд теңгесі қайырымдылық бастамаларға жұмсалған. Ал Астана қаласында 7,9 млрд теңгеге 13 жоба жүзеге асырылмақ. Бұл туралы қордың екінші конференциясында айтылды. Басқосуда «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарлары айтылды. Қор денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау және оңалту, білім беру, спорт, төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге көмек көрсетуде. Бұл бағыттар бойынша 146,5 млрд теңге қаралған. Көмек алғандар қатарында астаналықтар да бар. Жеңіс ҚАСЫМБЕК, ҚАЛА ӘКІМІ: Мысалы қор 33 елордалық азаматқа жалпы сомасы 2,2 млрд теңгені құрайтын дәрі дәрмек алып берді. Қан тамырлары патологиясы бар 128 балаға медициналық көмек қарастырылды. Қаланың 16 тұрғынына протездермен экзоскелиттер табысталды. Сонымен қатар қаламызда оқып жатқан әлеуметтік аз қамтылған отбасы шыққан 250 ден астам студентке гранттар берілді. Қор құрылғалы 45 мыңнан астам өтініш түскен. Оның көбі денсаулық саласына байланысты дейді. Мәселен ауыр жағдайдағы 324 науқасқа 24,9 млрд теңге жұмсалған. Ләззат ШЫҢҒЫСБАЕВА, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл жиырма өңірде өтіп жатқан дөңгелек үстелдер. Бұл жерде мына қоғамдағы бесенділер мен үкіметтік емес ұйымдармен әкімшілікпен осы әр өңірдің спецификасына байланысты қайырылымдылық жобалар жалпы бірлесіп жасаумыз керек деген осындай тақырып бойынша өтіп жатқан іс-шара. Ләззат ҚҰСАЙЫНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгінгі кездесуге бірқатар үкіметтік емес ұйымдар қатысып отыр. Олар аталмыш қормен алдағы уақытта жұмыс істеуге ынталы. Жобалардың көпшілігі денсаулық сақтау саласымен тікелей байланысты. Басқосуда әлеуметтік-білім беру жобалары талқыланды. Алдағы уақытта қолдау көрсетілетін бағыттар сараланатын болады.