Астанада көмір қоймаларында абыр-сабыр адам. Бағада өзгеріс жоқ. Бір тоннасы-15 мың теңге шамасында. Жауаптылардың айтуынша, биыл тапшылық болмайды. Ерболат Керкеев 20 жылдан бері көмір тасып, отбасын асырап келеді. Жүк көлігімен күніне бір рейс жасайды. Айтуынша, қоймада көмір бар. Ерболат КЕРКЕЕВ, КӨМІР ТАСУШЫ: Қаланың маңайына, осы Целиноград ауданына халыққа тасимыз көмірді. Көмір келіп жатыр Шұбаркөл. Сұраушы адамға байланысты біреуге бесеу керек, біреуге жетеу керек. Күн суытқалы көмір алушылар көбейген. Күніне 690 тонна, яғни 10 вагон қатты отын келеді. Қыркүйек айында 9 мың тонна сатылған. Енді қысқа дейін 30 мың тоннаға жуық көмір келеді дейді сатушылар. Әзімхан ӘБЕНОВ, КӨМІР САТУШЫ: Бүгін бізде 10 вагон түсті. Сол 10 вагон кетеді. 10 вагонымыз бір 690 тонна болады. Таңертеңнен бастап кешке дейін сол 690 тонна кетеді. Бізде Астанадан ғана алып жатқан жоқ ғой. Бізге келетіндер басқа ауылдардан келеді. Жібек жолы, Қоянды, Илинка дейді сосын жанағы Астраханский трасса сол, алыс-алыс ауылдардан келіп бізден алып жатыр. Елордада 11 көмір сататын орын бар. Мамандар қор жеткілікті деп отыр. Айтуларынша, қалада 12 мыңға жуық үй қатты отын мен дизель тұтынады. Сондай-ақ көмір тасымалдаушы көліктердің проблемаларын да шешіп жатырмыз дейді. Абылайхан ОСПАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: Бірінші мамырдан бастап Астанаға 223 мың тонна алып келінді. План бойынша 23 жылға дейін соңына дейін 365 мың тонна план бойынша көмір жеткізіліп отыр. Ол көмір жеткілікті. Әкімшілік полицеймен жұмыс атқарғанбыз. Көмір тасыған адамдармен путеболицт дейді ғой кімде бар, оларды тоқтатпайды. Айта кетейік, көмір тасымалдаушы кәсіпкерлермен әкімдік арасында қатты отынның бағасын тұрақты ұстау туралы меморандум жасалған. Яғни, "Шұбаркөл" көмірінің тоннасы – 15 мың 100 теңге. Ал, «Қаражыра» көмірі- 15 мың 700 теңгеден сатылады.