Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты.От 2-ші қабаттағы пәтерде тұтанған. Өрт сөндірушілер 125 адамды эвакуациялады. 26 адам автосатылар арқылы сыртқа шығарылған. Арасында 13 бала бар. 6 адам аурухана жеткізілді. Оның үшеуі - бала.Изида БАЙБУЛОВА, ҮЙ ТҰРҒЫНЫ: Баламды үйде қалдырып,өзім магазинге шығып кеттім. Бес минут бұрын ғана ештеме байқалмады,тіпті түтіннің иісі де келмеді. Жеті минуттан кейін магазинде тұрған кезде бір әйел келіп өрт болып жатқанын айтты. Үйге жақындағанда түтін көріне бастады. Екінші қабатқа көтерілгенде түтіннен ештеңе көрінбеді тіпті дем алудың өзі мүмкін болмады. Баламды және ұялы телефонымды алып,мұрнымды күртешеммен жауып далаға шықтым. Аягөз ФАЗЫЛОВА, ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Адамдардың көшірілу себебі бұл подьезде көп қою түтін болғандықтан, жоғары қабаттарға көтеріліп кеткендіктен, көп адамдарды құтқаруға керек болды. Жалпы өрт сөндіруге 18 адам,4бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сағат 12:51 толығымен сөндірілді. М. Жолдыбалин