Астанада көшеде ер адамды ұрып-соғып, тонап кеткен қаскөйлер ұсталды, деп хабарлайды Астана телеарнасы Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 102 арнасына 26 жастағы азаматтан кешкі уақытта Сарайшық көшесінде белгісіз жігіттердің оны ұрып-соғып, Redmi ұялы телефонын тартып алғаны туралы хабарлама түскен. Шабуыл жасау сәті сыртқы бақылау камерасына түсіп қалған. "Криминалдық полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар үш адамды анықтады. Олар 18, 20 және 21 жастағы жас жігіттер болып шықты, олардың бірі бұрын сотты болған. Қасүнемдер қазір қамауда", делінген хабарламада. Ұялы телефон тәркіленді, қаскүнемдер оны кепілге қалдырып, сатып жіберген.