Астанада көшеден әйелдің мәйіті табылды. Полицияның мәліметінше, 14 сәуірде сағат 18:23-те "102" арнасына Сарыарқа даңғылының бойында әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен."Әйелдің кім екені анықталды, ол 54 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Сарапшының тексеруі кезінде дене жарақаттары табылмады", - деді ведомство. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды.