Астанада өрт сөндірушілер құрылыс басындағы кран мұнарасы кабинасындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.25 наурызда таңертең Байқоңыр ауданында жаңадан салынып жатқан көқабатты үйлер аумағында 12-қабат деңгейіндегі биіктіктегі мұнара кранының кабинасы өртенді.Өрт толығымен сөндірілді. Өрт шалған аудан - 1,5 шаршы метр."Медициналық тексеруден кейін кран жүргізушісі ауруханаға барудан бас тартты", деп нақтылайды ведомство.Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД-ның жеке құрамынан 8 адам және 2 техника жұмылдырылды.