Креативті индустрия – ел болашағы. Бүгін Сенат жанындағы жас сарапшылар клубының мүшелері креативті индустрияны дамыту мәселелерін талқылады. Мемлекет басшысы осы саланы ауқымды дамыту үшін барлық жағдай жасалу қажет екенін айтқан болатын. Өз Жолдауында шығармашылық индустрияны қолдау бойынша жеке шаралар кешенін әзірлеу, оның ішінде әрбір облыс орталығы мен ірі қалада шығармашылық индустрия орталықтарын қалыптастыру, қатысушыларға өз өнімдерін коммерцияландыру мәселелері бойынша көмек көрсету жөнінде нақты міндет қойды. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева еліміздегі креативті индустрияны дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, креативті дамытуды тек пайда үшін қарастырмау керегін айтты.Молдияр ЕРГЕБЕКОВ, АХМЕТ ЯССАУИ АТЫНДАҒЫ ХҚТУ ПРОФЕССОРЫ, ӨНЕРТАНУ ДОКТОРЫ: Қазақ киносының кинотеатрларда көрсетілу, көрсетілмеу мәселесі бар. Мұны шешуіміз керек аудан орталықтарында да театрлар ашылып, өздерінің өте қалың көрерменімен, тіпті өз күнін өзі көре алатындай жағдайға жетіп отыр. Бұл да біздің жаңағы қуанарлық жайтымыз.