Дәрібек БАХЫТБЕК ,ТІЛШІ: Аааай аяғым. Сындырып алған жоқпын ба екен. Қалай ғана көрмей қалдым. Құдықтың беті жабық секілді еді. Шұрық тесігі шыққан екен ғой. Шіріген қақпағы болмағанда мүлдем ішіне түсіп кетер едім. Құдыққа құлап, қайтыс болды. Қақпағы түгел болса, қайғылы оқиға болмас еді. Астананың өзінде дәл осы құдық қақпағына қатысты күніне 12-15 шағым түседі екен. Қуаныш СҰЛТАНБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ КӘРІЗДЕНДІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Түскен заявкаларға қарай біз бір тәулік ішінде қауіпсіздік ленталарымен қоршап кетеміз. Адам, кісі құламас үшін ішіне. Ал, оның көлеміне байланысты 1 аптаның ішінде түгелдей жауып, жабумен айналысамыз. 1 сағат 1 жарым сағаттың ішінде біздікі болсын құдық біздікі емес болсын имена сол жерге барып фактілеп лентамен ограждау біздің мойнымызда. Талап бойынша құдық қақпақтары шойын немесе полиэтеленді болады. Бірақ мына көшедегі құдықтар кәдімгі ағашпен жабылыпты. Оны тұрғындар қауіпсіздік үшін өздері жасаған. Сөздерінше, бірнеше жыл бұрын ауыр техникалар қар тазалағанда қақпақты қоса алып кеткен. Содан бері қалпына келтірмепті. Арман ӘЛІМСЕЙІТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Ағашты өзіміз қолымызбен қойдық. Енді балалар түсіп кетпесін басқалар түсіп кетпесін деген сияқты. Контроль жасаймыз қарап отырамыз. Балаларды жолатпаймыз мұнда. Астана қаласында 35 мыңға жуық кәріздендіру және сумен қамтамасыз етуге арналған 15 мың құдық бар. Оған жаңбыр суына, жарықтандыруға, байланысқа арналған құдықты қосыңыз. Нақты қаншасының қақпағы бар, жоғы туралы дерек жоқ.