Астанада құтқарушыларға пәтер кілті табысталды. Жаңа қоныс иелері үшін бұл күтпеген тосын сый болды. Баспана кілтін қала әкімі мен Төтенше жағдайлар министрі табыстап, қызметкерлерді наурыз мерекесімен құттықтады. Нұрсұлтан Өксікбай 8 жылдан бері өрт сөндіруші болып қызмет етіп келеді. Еңбегі еленгеніне ол дән риза. Айтуынша, бұған дейін олар пәтер жалдап тұрған. Нұрсұлтан ӨКСІКБАЙ, А. ЗАБИКУЛИН АТЫНДАҒЫ №6 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ АҒА ӨРТ СӨНДІРУШІСІ, ҚҰТҚАРУШЫ: Мен және менің отбасым үшін бүгін негізі өту қуанышты күн. Өйткені мысалы қанша жыл болды. Кішкене қиыншылықтар болып жүрді үй аламай жүрдік. Бір аспаннан түскендей болдым ғой. Осындай 8 жыл еңбек өтілімді ескере отырып баспаналы болып жатқаныма мен өте еліміздің Президентіне, Төтенше жағдайлар министріне, қала әкіміне мыңда бір алғысым шекіз. Елімізде құтқарушыларға ерекше көңіл бөлінуде. Министрдің айтуынша, пәтер табыстау төтенше жағдай министрлігі тарихында алғаш рет жүзеге асырылуда. Шыңғыс ӘРІНОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ: Бүгін біздің ең нағыз адал қызметкер, адал азамат ретінде танылатын біздің қызметкерлеріміздің бір тобы баспанаға ие болып жатыр. Пәтер алушы біздің әріптестерімізге мен тілейтінім үйлеріңізге шаттыққа, бақытқа толсын. Салтанатты шарада 15 қызметкер баспаналы болды. Олардың ішінде өрт сөндірушілер, құтқарушылар мен бөлімше командирлері бар. Оның сегізі бір бөлмелі, жетуі екі бөлмелі пәтер иеленді. Жеңіс ҚАСЫМБЕК, ҚАЛА ӘКІМІ: Құрметті Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері баршаңызды келе жатқан Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Осындай керемет мейрам қарсаныңда қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген қызметкерлерімізге пәтер табыстаумен үшін үлкен бір абырой, үлкен бір мәртебе. Айта кетейік, төтенше жағдайлар министрі алдағы уақытта да қызметкерлердің тұрғын үй жағдайларын жақсарту жоспарда бар екенін айтты. Соңғы үш жылда 90 баспана кілті табысталған.
Жаңалықтар



































