Елордада Қызылорда облысы тауарөндірушілерінің жәрмеңкесі өтті. Аймақтан құны 200 миллион теңге болатын 400 тоннадан астам өнім жеткізілген. Астаналықтар әсіресе, күріш пен балықты, қауын-қарбызды, ет пен майды таласа алды. Әріптесім Дәрібек Бахытбек жәрмеңкеге барып, бағаларды көріп келді. Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ: Бүгінгі жәрмеңкеден қалып қалмаймын деп мен де асығып келдім. Бірақ, мұнда адам қарасы қалың. Керегіңді алу үшін көргендеріңіздей мына кісілер секілді сағаттап кезекке тұруына тура келеді. Елімізде өндірілетін күріштің 85 пайызы-Қызылорданың үлесінде. Сондықтан атағы әлемге әйгілі Сырдың ақмаржанын алу үшін жұрт сағаттап кезекте тұрды. Аралдың ақ сазанына да сұраныс жоғары. Балығы таудай тулаған теңіздің байлығын алушылар өте көп болды. БЛИЦ-САУАЛНАМА - Өте жақсы жәрмеңке. Елімізге рахмет айтамыз. Осындай жәрмеңке ашып беріп, халқымызға көп көмек жеңілдік беріп жатыр. - Ет алдым, балық алдым. Бағалары жақсы. Свежий еттер. - Бағасы тұрақты нормалбный. Күріш алдым, қауын алдым, қарбыз алдым болады бағасы. Жәрмеңкеге өнім тиеген 50 жүк көлігі келген. Көкөніс, бақша өнімдері, жеміс-жидек, сондай-ақ, сүт өнімдерінің сан түрі бар. Айгүл Мұхамеджанова балықтың 10 нан астам түрін әкеліпті. Айгүл МҰХАМЕДЖАНОВА, САТУШЫ: Сазан, сом, белый амур, толстолов, судак, караз, щука, жылан балық, белый амур дәу-дәу белый амур алып келдік 10-15 келілік. Балықтар жақсы өтіп жатыр. Қызылорда облысымызда балық қымбат. Бұл жаққа келіп 1700-1500 мыңнан сатып жатырмыз. Молшылық мерекесіне жиналған халық мәз-майрам. Екі күн бойы сауданың көрігін қыздырды. Талғат ДҮЙСЕБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР КАДАСТРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қызылорда облысының негізгі бренді -күріш. 140 тоннаға жуық күріш өнімдері 250 тоннадан астам бақша өнімдері. Сол сияқты балық өнімдері, ет, 30 тоннадан астам балық өнімдері келіп жатыр. Жалпы биыл су тапшылығына қарамастан Қызылорда облысының диқандары үлкен жетістікке жетіп жатыр деп айтуға болады. Қызылордалықтар енді осындай жәрмеңкені басқа өңірлерде де ұйымдастыруды жоспарлап отыр.