Астанада қызылшамен ауырып жатқан 6 бала жансақтау бөлімінде жатыр.Олардың екеуінің жағдайы күрт нашарлап, өкпені жасанды желдету аппаратына қосуға тура келген. Ал қалған төрт науқастың жағдайы ауыр. Қызылшаның өршуіне байланысты қалалық нөмірі үшінші балалар ауруханасы, төсек орын санын екі есе көбейтуге мәжбүр болды. Бұған дейін 300 баланы емдеуге есептелген бөлімше қазір 557 науқасты қабылдауға дайын.