"Жайнай бер туған елім". Осындай атаумен Астанада мәдениет қайраткері, ақын, жазушы, журналист Есенгелді Сүйіновтің шығармашылық кеші өтті. Шарада театр актерлары ақынның өлеңдерін оқыды. Зиялы қауым өкілдері мен замандас достары қатысып, құрмет көрсетті. Ақынның иығына шапан жапты. Есенгелді Сүйінов еңбек жолын қазақ радиосында бастаған. Әр жылдары «Халық кеңесі», «Жас алаш», «Дала мен қала» газеттерінде қызмет еткен. Ақынның "Күңгіртау құпиясы", "Мақпалды күндер", "Менің елім, менің жерім", "Арайлы таң" сынды кітаптары жарық шыққан. Ораз ҚАУҒАБАЙ, ЖАЗУШЫ, ЖУРНАЛИСТ: Ораз ҚАУҒАБАЙ, ЖАЗУШЫ, ЖУРНАЛИСТ:Бұның бірнеше кітаптары бар. Тұлғалар жөнінде біраз қалам сілтеді. Ей сырлы жаз Марфуға, Сендей қызға сыйлық аз. Өмір керек таруға дейді. Яғни жарыда бұның ақын болды. Есенгелді СҮЙІНОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, АҚЫН, ЖАЗУШЫ, ЖУРНАЛИСТ: Бұл кештің мен үшін мәні ерекше. Әрбір ақын, жазушы осы шығармашылық жұмыспен айналысып жүрген кезде халықпен жүздескісі келеді өзінің өлеңдерін оқып, сырласқысы келеді. Сол мынау қыстың соңғы күнінде Астана төріңде осылай шығармашылық кеш өтіп жатқанына қуаныштымын.