Астанада Манас ескерткіші ашылды

Астанада Айкөл Манас ескерткіші салтанатты түрде ашылды. "Мұндай еңселі ескерткіштің бой көтеруі, ең алдымен, қазақ халқының қырғыз ағайынға деген риясыз құрметінің белгісі". Мемлекет басшысы осылай деді. Қырғызстанның ресми делегация мүшелері және екі елдің зиялы қауым өкілдері қатысқан шара жайлы әріптесім Сүндет Оралбек айтсын. Мыңжылдық тарихы бар Манас жыры -барша адамзат руханиятында өзіндік орны бар бірегей мұра. Оны тек қырғыз халқының ғана емес, тұтас түркі жұртының баға жетпес қазынасы деуге болады. Әйгілі жырдың заман сынағынан аман өтіп, бүгінгі күнге жетуіне қазақ ғалымдары зор үлес қосқан. Талантты зерттеуші Шоқан Уәлиханов Манас эпосына қызығып, қағаз бетіне түсіріп, ғылыми айналымға енгізсе, ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің Манас туралы алғашқы монографиялық еңбек жазғаны қазақ-қырғыз арасында кеңінен мәлім. Мемлекет басшысы екі елдің мәдени мұраларының тамыры бір екенін, қазақ пен қырғыздың әйгілі тұлғалары қай кезде де өзара тілектес, ниеттес болғанын айтты.Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Екі жыл бұрын Бішкекте ұлы Абайдың ескерткіші ашылғанын білесіздер. Мен сол шараға арнайы барып қатыстым. Мұндай игі бастамалар екі елдің достық байланысын нығайта түсетіні сөзсіз. Бас қаламызда бой көтерген сәулет туындысы түбі бір түркі жұртының бірлігін көрсетеді. Бұл – Манасқа ғана емес, қазақ пен қырғыздың мәңгілік бауырластығына қойылған ескерткіш. Садыр Жапаров барша қырғыз елінің атынан Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Айкөл Манас ескерткішін ашуға үлес қосқан азаматтарға ризашылығын білдірді. Садыр Жапаров, ҚЫРҒЫЗСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Айкөл Манас ескерткішінің қазақ жерінде ашылуы екі елдің бауырластығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Бүгін Қырғызстан мен Қазақстан қарым-қатынасындағы тарихи күн. Дүниежүзілік ауыз әдебиетінің ең ұлы туындысы болған Манас эпосын зерттеуде қазақ халқының біртуар тұлғаларының қосқан үлесі зор екенін айту – тарихи әділеттілік. Елімізде Манас есімді 6000-нан астам адам бар. Мұның өзі -ұлы тұлғаға, тарихи эпосқа деген зор құрметтің белгісі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада Қабанбай батыр даңғылы учаскесі жабылады
СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендер үшін 500 баспана салынады
Елена Рыбакина қолда тұрған жеңістен айырылып, атақты Соболенкоға жол берді
Иран АҚШ пен Ұлыбританияға санкция салды
Ұрық сапасының төмендігі, белсіздік, жыныс мүшесінің әлсіреуі: Уролог-андрологпен сұхбат
3 мамырға арналған ауа райы болжамы
Маңғыстауда кене көбейіп мал қырылды
Қазақстанда жаңа байланыс операторы пайда болады
Америкада тұңғыш қазақ балабақшасы ашылды
Профайлер адамның психопат екенін көрсететін негізгі 5 белгіні атады
Қырғызстанда балмұздақ тиеген жүк көлігі балаларды қағып кетті: зардап шеккендер саны көбейді
Павлодарда өрт сөндірушілер тұрғын үйдегі өртті жойды
"Сүйкімді келіншек екен". Сағынысып көріскен келіні мен қайынатасының әрекеті көпшіліктің жүрегін елжіретті
Найзағай, жаңбыр, үсік: 3 мамырға арналған ауа-райы болжамы
ШҚО әкімдігі су тасқынына қатысты жалған ақпаратқа түсініктеме берді
Жасөспірім көз жұмған: Ақмола облысында қауіпсіздікті қамтамасыз етпеген демалыс орнының директоры сотталды
3 мамырға ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында көркем гимнастика бойынша жүлдегер атанды
Тасқын: Ел аумағындағы су қоймаларының жағдайы белгілі болды
Биыл Қарағанды облысында 10 жаңа өндіріс іске қосылады
"Боталар қырылып қалды". Маңғыстауда кене қаптап, түйелер таланып жатыр
Бір жүзігі облыс бюджетіндей. Криштианудың сүйіктісі қаншаға киінеді?
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Маңғыстау облысына барады
Жайықтағы жағдай: Су деңгейі көтеріліп жатыр