Маусымнан бастап Астанадағы мемлекеттік балабақшаларда тамақтану бағасы өседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Астана білім басқармасы "Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін 2023 жылға бекіту туралы" қаулысының жобасында осы мәселе көтерілген."Тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі нәтижесінде мемлекеттік балабақшалардағы ата-аналардың тамақтану ақысының құны тамақтануды ұйымдастыру шығындарын өтемейді", - делінген ашық талқыға шыққан құжатта.Елорда әкімдігінің қаулысында көрсетілгендей, мектепке дейiнгi мемлекеттік білім беру ұйымдарында ата-ана төлемақысы мына мөлшерге қымбаттайды:жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдар үшін - 41 718 теңгеден 46 189 теңгеге дейін;балалардың толық күндік шағын орталығы - 31 995 теңгеден 46 189 теңгеге дейін;арнайы мектепке дейінгі ұйымдар, жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдардағы арнайы және инклюзивті топтар үшін - 91 118 теңгеден 102 665 теңгеге дейін;мектепке дейінгі санаторлық ұйымдар үшін - 62 040 теңгеден 89 204 теңгеге дейін;балалардың толық емес күндік топтары үшін - 18 066 теңгеден 20 202 теңгеге дейін;мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда тамақтанғаны үшін ақы төлеу - 16 800 теңгеден 20 800 теңгеге дейін.Құжат 3 маусымға дейін көпшілік талқылауында болады. Содан соң қолданысқа енгізіледі.