Астана полициясы күйеуін өлтірді деген мектеп директорына қатысты тергеу немен аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kz. хабарлайды.Редакцияның ресми сауалына Астана полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық процессуалдық кодекстің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағы "Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауы" бойынша тоқтатылғанын хабарлады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды. Айта кетейік, 26 ақпанда Астанада полицияға пәтерден ер адамның мәйіті табылғаны, әйелдің пышақ жарақатымен ауруханаға түскені туралы хабарлама түсті. Әйел елордадағы мектеп директоры, қайтыс болған ер адам оның күйеуі екені анықталды.