Астанада мектеп оқушысы суға батып бара жатқан бес жасар баланы құтқарып қалды

Астанада 11-сынып оқушысы Марлен Көшербай ерлігімен көзге түсіп, өзенге батып бара жатқан бүлдіршінді құтқарып қалды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.№52 мектеп-гимназиясының 11 «А» сынып оқушысы Марлен Көшербай елордалық үйлердің бірінің қасында өзенге батып бара жатқан баланы құтқарып қалды. 12 мамыр күні сағат 11 шамасында Марленді қарындасы оятып, өзенге бір баланың батып бара жатқанын айтады. Марлен бірден үйдің жанындағы өзенге қарай жүгіріп, суға батып бара жатқан бүлдіршінге көмекке ұмтылып, судан аман-есен шығарып алды. Марлен Көшербай – оқуының үздігі, спортпен тұрақты айналысады. Белбеу күресінен жасөспірімдер арасында Астананың ашық біріншілігінде 55 келі салмақта «алтын» жеңіп алған, сол сияқты «Аршалы Барысы» турнирінің ІІ орын иегері. Бала кезінен көкпар спортына қатысады. Бейбіт заманның батыры өз сөзінде кішкентай баланың өлім мен өмірдің ортасында тұрғанын көргенде, ойланбастан көмекке ұмтылғанын айтты. Бүгін Марлен көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Астана қаласы білім басқармасы мен ТЖ департаментінің атынан марапатталды. Ата-аналарды балаларының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
ҰҚК: Сириядағы террорлық ұйымдарда болған 2 адам сотталды
Финал үшін айқас. Қазақ боксшылардың жекпе-жектеріне трансляция
Тауға бармай тұра тұрыңыз
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті