Елордалық мешіт жүргізушісінің қомақты ақша ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Бұл туралы Астана қалалық полиция департаментінің ресми парақшасы хабарлады.Мешіт ауласында орналасқан мейрамхана басшысы полицияға өтініш білдіріп, сейфтен көп ақша ұрланғанын хабарлады. Тергеу барысында мешіт қызметкерінің ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Жүргізуші болып жұмыс істеген 35 жастағы ер адам сейфтен 3,5 миллион теңгеден астам ақша ұрлап кеткен.Жұмыс уақытында ол басшының кеңсесіне кіріп, үстелден сейфтің кілттің жатқанын көріп , оны ашып, қолма-қол ақша ұрлады.Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, ер адам ұрланған ақшаны өтеді.Астана қаласының полиция департаменті шағын және орта бизнес иелеріне сақ болуды және объектілерде ұрлықтан қорғаудың қосымша шараларын енгізуді ұсынады.