19 сәуір күні Астанада мұнара краны қақ бөлініп құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.ҚР ТЖМ ӨҚК Астана қаласы бойынша департаментінің мәліметі бойынша, аварияның алдын-ала себебі – шамадан тыс жүктеме. "2023 жылғы 19 сәуірде сағат 09:25 шамасында Астана қаласы, Комсомольский т.м., Ақын Сара көшесі 53 учаскесі мекенжайында орналасқан Inshaat Invest ЖШС-нің "Кіріктірілген үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені" құрылыс учаскесінде жүкті көтеру кезінде QTZ-63 мұнара кранының секциясы бұзылды (кран иесі – "ИП Капитал")", – делінген хабарламада. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиға орнын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Департамент жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен аварияны тергеу жөніндегі комиссия құрады.