Астанада насыбай және шегілмейтін темекі өнімдерін сатудағы заңбұзушылықтарды анықтау жалғасуда

Астанада насыбай және шегілмейтін темекі өнімдерін сатудағы заңбұзушылықтарды анықтау жалғасуда. Бұл жолы тәртіп сақшылары мен әкімдік қызметкерлері елорданың үш ауданында рейд болды. Барлық жерде дүкен иелеріне айыппұл салынып, олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сарыарқа ауданының тәртіп сақшылары шағын сауда орындарына рейд жүргізді. Бірқатар дүкендерді аралады. Олардың бірінен тыйым салынған заттардың сатылғаны анықталды. Осылайша егесіне 92 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Әділ ҚАПСАЛЯМОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ САРЫАРҚА АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: «Халық денсаулығы туралы» Кодекстің 110-бабына сәйкес дүкендерде рейд жүргізілуде. Бүгінгі таңда 200-ден астам дүкен араланып, 20-дан астам факті анықталды. Кәсіпкерді ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабына сәйкес 25 АЕК немесе 92 мың теңге айыппұл күтіп тұр. Рейд барысында қаладағы ірі базарларда тексерілді. Мәселен, Байқоңыр ауданындағы «Астаналық базар» маңында сатушы қыздың зиянды заттарды көрнектеп қойғаны анықталды. Бақдәулет АЙДАРБЕК, ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫ КОНГРЕСІНІҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУ, ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Біз Астана қаласы жастар ұйымы Астана қаласы Байқоңыр аудандық әкімдігімен және Байқоңыр аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесе отырып, осы ауданға қарасты сауда орталықтарында және осы ауданға қарасты дүкендерде шегілмейтін темекі өнімдеріне жедел профилактикалық рейд жүргізілді. Рейд барысында осы ауданның дүкендерінен шегілмейтін темекі өнімдері, яғни насыбай, снюс анықталып 196-бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Шараға үкіметтік емес ұйымның өкілдері де атсалысты. "Белсенді азамат" қоғамдық қорының жетекшісі Гамал Түзелбаевтың айтуынша, заңды қатайту ұлттың дені сау болуына көмектеседі дейді. Гамал ТҮЗЕЛБАЕВ, «БЕЛСЕНДІ АЗАМАТ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 2022 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, зерттеу жүргізген 2022 жылы. Біздің елімізде жасөспірімдеріміздің 9,8 пайызы жасөспірімдер вейп насыбай пайдаланды екен. Бұл өте зиян денсаулыққа. Бұл сұраққа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі де көңіл бөліп отыр. Нұра ауданында да тексеру жүргізілді. Дегенмен, зиянды өнімдерді сату фактілері анықталған жоқ. Тәртіп сақшыларының айтуынша соңғы уақытта зиянды заттарды сатушылар саны азайған. Әнуар АМАНОВ, НҰРА АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ: Жалпы тиылуда. Жанағыдай никуличителоный товар дейді. Насвай, синус сатылуының алдын алудамыз. Көп жерде сатылмайды. Сатылу тоқталуда. Бүгінде рейд барысында екі құқық бұзушылық анықталды. Айта кетейік, рейдтер Астананың барлық бес ауданында жалғасады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада 200-ге жуық жасөспірім полицияға жеткізілді
Алматылық оқушы жасанды интеллект арқылы тері ауруын анықтайтын ғылыми жоба ұсынды
Астаналық құтқарушылар 89 жастағы кейуанаға көмектесті
Алматының Түрксіб ауданындағы бос жердің орнына жаңа заманауи жаяу жүргіншілер аймағы ашылды
Алматыда жастарға арналған тағы бір комьюнити-орталық ашылды
Ерболат Досаев 2025 жылғы қаңтарда №195 мектепке қосымша құрылысты аяқтауды тапсырды
Ұлттық банк байқау жариялады
TikTok 18 жасқа толмағандарға бет-әлпетін өзгерту сүзгілерін қолдануға тыйым салады
Қазақстан мен Ресей президенттері ҚазҰУ-дің Омбыдағы филиалын ресми түрде ашты
ТЖМ құтқарушылары Пионер шыңын бағындырды
Алматының Көлсай шағын ауданында алғаш рет ауыз су пайда болды
Алматылық оқушы жасанды интеллект арқылы тері ауруын анықтайтын ғылыми жоба ұсынды
Президент жыл бойы өзекті сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселесіне ерекше ден қойылғанын айтты
Полиция алаяқтың жаңа түрінен сақ болуға шақырады
Apple 2025 жылы жаңа iPhone смартфондарынан физикалық SIM картаны алып тастайды
Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізіп жатыр
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамдағы сессиясына қатысты
2028-2029 оқу жылына дейін докторантура шәкіртақысы 500 мың теңгеге дейін өседі
Алматыда есірткіге тәуелділікке қарсы күрес туралы зерттеу нәтижелері ұсынылды
«Казахтелеком» әлі күнге дейін Tele2 мен Altel-ді катарлық холдингке сата алмай отыр
Ақтөбеде қан айналымы жүйесі ауруларымен ауыратындардың саны артқан
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне 15-тен аса елдің киногерлері қатысып жатыр
«AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы ел аумағында кең көлемде өткізілді
«Таза бейсенбі» экоакциясы кезінде ел бойынша 10 тоннадан астам қоқыс шығарылды